
Мерейлі датаға орай, туған жеріміздің туын көтерген тұлғаның еңбек жолы мен өмір дастанын ұлықтау мақсатында Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Елінің әй, әй ақыны» әдеби-сазды кеші ұйымдастырылды. Оған Арқалық қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Аубакиров, кеңестің мүшесі әрі қоғам белсендісі Сандуғаш Алматова, қалалық «Аналар кеңесі» ҚБ төрайымы Бақытжамал Қалтаева, ақтаңгер ақын, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және филология факультетінің деканы Айбек Қалиев, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы» облыстық мұражайының ғылыми қызметкері Батырлан Сағынтаев, сондай-ақ «Қостанай таңы» газетінің Арқалық қаласындағы меншікті тілшісі Мұрат Жүнісұлы қатысты.

Әдеби жиын Қонысбай Әбілұлының шығармашылығына студенттердің жазған авторлық арнау өлеңдерімен бастау алып, кеш кейіпкері туралы тарихи бейнероликке ұласты. Артынша Түбекбай Ғапсалықұлы, Сандуғаш Орекенқызы кеш кейіпкері жайлы керемет тарихи құнды естеліктерімен бөлісті. Кейіпкеріміз қаншама қызметті атқарды, қаншама жыл ат үстінде жүрсе де, айтыскерлікті жанына серік еткен сері еді. Ешкімге ұқсамайтын өз мақамын қалыптастырып, ел арасында «Әй-әй ақын» атанып, айтыста бірегей із қалдырды. Қатар жүріп, қолын алып, аға мен інідей болған жандардың бірі – ақын Айбек Киікбайұлы да Қонысбай Әбілмен алғашқы таныстықтары жайлы баяндап, айтыс алаңындағы қызықты сәттерімен бөліссе, ағаларының жолын қуып, айтыс өнерін бағындырып жүрген Батырлан Жұмабайұлы аға ұстазына арнауын жолдады.
Кеш барысында Қонысбай Әбіловтың поэзия әлеміне сапар шегіп, студенттеріміз БМ-12 тобының білім алушылары Дариға Қапар, Диляра Сапабек «Торғайдың топырағы» өлеңін, Аружан Жақан, Гауһар Ашықбай «Ана тілдің арызы» өлеңін, Фарида Тілешбек «Еркек тоқтылар» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ән – сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім мен ойдың өзін түбі жоқ тереңнен алып шығып, әуен арқылы бүкіл сана-сезіміңді баурап алып, жеткізе алатын құдіретке ие. Қонысбай Әбіловтің де сазгерлік қасиеті ерте білінген. Оның алғашқы әні 9-сыныпта анасына арнап жазған «Бала махаббаты» әні еді. Бүгінде ол торғайлықтардың сүйікті әніне айналған. Бұл әннен кейін де «Аңсау», «Қош бол, туған жер», жастар арасында «Тағы да мұң» сияқты қаншама ғұмырлы әндер дүниеге келді. Кезінде шамалы әнді енгізе бермейтін «Ауыл кеші көңілді» жинағына Қонысбай әндері де енген.

Қонысбайдың әндерін сол кездерде елге танымал болған «Айгүл», «Адырна», «Шертер» және «Ғасырлар пернесі» ансамбльдері шетел сахналарында орындады. Олар қазақ әуендеріне тән өзінің ерекшелігімен, әуездігімен айшықталатын, бүгінгі күні де сәннен қалған емес. Кеш барысында жастар арасында танымал болып жүрген «Тағы да мұң» әні және баршаның сүйіп тыңдайтын «Бала махаббаты», «Аңсау» әндері жанды дауыста көрермендермен бірге орындалды. Ақын ағмыз туралы айтылатын естеліктерді бір кешке сыйғызу мүмкін емес. Колледж директоры Руслан Мамбетов тағылымды кешті қорытындылап, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, тағылымды әңгімелерімен бөліскен кеш қонақтарына құрметін білдіріп, Алғыс хаттарын табыс етті. Артынша шараның білім алушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні, өмірлік азық болатынына сенім білдірді.
Қонысбай ағамыздың әндері айтылып, сөздері таралып, аты үнемі аталып жүрсе екен деген бір ғана ниетіміз бар. Торғайын қорғап өткен азаматтың 70 жас мерейтойы Республика көлемінде лайықты деңгейде аталып өтуіне тілектеспіз.
Гулхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.