«Ыбырай және Алаш»: музейден алған өнеге

Выпуск - №6(654)   :   14.02.2025
746

1

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-курс студенттері мен Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық институтының «Тарих» мамандығының 1-курс білім алушылары Ы.Алтынсариннің мемориалдық мұражайындағы көрменің ашылуына қатысты.

Ыбырай Алтынсарин – өмірін білім беру ісіне арнап, қазақ жастарының сауатты болуын басты мақсаты еткен жан. Оның ағартушылық қызметі мен шығармашылығы қазақтың мәдениеті мен әдебиетінің дамуына зор үлес қосты. Қазақ халқының сауатын ашуды – өмірлік миссиясы деп білген ол, 1864 жылы Торғай қаласында алғашқы қазақ мектебін ашып, балаларға жаңаша білім беру ісін бастады. Кейінірек Қазақстанның бірнеше елді мекенінде мектептер мен интернаттар ұйымдастырып, қыз балаларға арналған оқу орындарын ашуға ерекше көңіл бөлді. Бұдан бөлек, мұғалімдер даярлау мәселесін көтеріп, қазақ жастарының педагогикалық білім алуына мүмкіндік жасады. Бұл оның ағартушылық жолдағы ең ірі жетістіктерінің бірі болды.
Облыс орталығы Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі 1991 жылы ағартушының 150 жылдық мерейтойына орай ашылған. Музей ғимараты екі бөліктен тұрады: біріншісі – Ы.Алтынсарин негізін қалаған мектептің көшірмесі, онда оның мемориалдық сыныбы мен әкімшілік кабинеттері орналасқан; екіншісі – киіз үй тәріздес екі қабатты ғимарат, мұнда «Ы.Алтынсарин – мұғалім-ағартушы» және «ҚР халық жазушысы М.Хәкімжанованың шығармашылық лабораториясы» атты тұрақты көрмелер қойылған. Мұражай экспозициясы Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметіне, оның педагогикалық, әдеби және қоғамдық еңбектеріне арналған. Мұнда ағартушының жеке заттары, кітаптары, фотосуреттері және басқа да құнды материалдар сақталған. Музей қоры 13 мыңнан астам экспонатты қамтиды.
«Ыбырай және Алаш» атты көрменің ашылуында күмбірлеген домбырамен «Алаш аманаты» күйі орындалып, жастардың бойындағы патриоттық сезімі мен рухтық тәрбиесін арттырды. Көрмемен танысу барысында білім алушылар Ы.Алтынсарин туралы тың ақпараттарға қанық болып, білім-білік дағдылары мен ой-өрісін кеңейтті. Көрмеге арнайы келген Қостанай қала-сы бойынша Ыбырай атамызды зерттеп жүрген ізбасарлары өз тәжірибелерімен бөлісіп, жақында жарық көретін кітаптарымен таныстырып, білім алушылардың ағартушы Ы.Алтынсариннің өмір жолын зерттеуге деген қызығушылықтарын оята білген тәрізді.
Болашақ мұғалімдер айтылған ақпараттарды мұқият тыңдап, бойында жауапкершілік, балаға деген сүйіспеншілік сынды маңызды қасиеттерді сіңіре білді. Көрмені ұйымдастырушылардың атқарған тынымсыз жұмысының арқасында іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ал, білім алушылар өздерінің білетін мәліметтері мен жаңа ақпараттарды ой елегінен өткізіп, жаңа деректермен танысып, кері байланыс жүргізді.
Ыбырай Алтынсарин – халқымыздың рухани көшбасшысы, білім мен мәдениеттің жаршысы. Оның ағартушылық жолы – қазақ жастарына үлгі, ал шығармашылығы – ұлттық әдебиеттің баға жетпес мұрасы. Ол «білім – болашақтың кілті» екенін дәлелдеген тұлға. Білім мен ағарту жолында өлшеусіз еңбек сіңірген Ыбырай Алтынсариннің есімі мәңгі халық жадында сақталады.

Гульназ КУБЕГЕНОВА,
Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің арнайы
пәндер оқытушысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.