Қоғам қайраткері, Абайтанушы ғалым Мұхтар Омарханұлының 125 жылдығына орай, Қостанай педагогиқалық колледжіндегі кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы жазушысы – Мұхтар Әуезов» тақырыбынағы әдеби-сазды кеш өтті.

Қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезов өмір бойы ұлтының рухани мұрасын, мәңгілік құндылықтарын, мәдениеті мен әдебиетін байытудын жолдарын қарастырумен болды. Дүниеге қазақ перзенті болып туып, азамат перзенті атанған М.Әуезовтың тағдыры – талай ақиқатқа қапысыз көз жетізген тағылым мектебі, заманымен бірге тебіреніп, мәңгілікке үндесе білудің айқын өнегесі.
Ұлы суреткер феодалдық қоғам ыдырап, қазақ қоғамы капитализмді айналып өтіп, соцалистік қоғамның орныға бастаған тұсында әдеби өмірге келді. Сондықтан да білімділердің бел ортасынан өз орнын ойып алды, ерте жарқ етіп көрінді. Кітапханада ұйымдастырылған аталмыш іс-шараның мақсаты – студент жастарды халқымыздың дана жазушысы Мұхтар Омарханұлының өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру, студенттердің сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін жетілдіру.
Әдеби-сазды кешке болашақ «Бастауыш сынып мұғалімдер» мен «Информатика пәнінің бастауыш және негізгі орта білім мұғалімдері» тартылды. Қай халықта да осындай жазушының болуы – үлкен бақыт. Қазақ әдебиетіндегі қайталанбас тұлға Мұхтар Әуезов көзінің тірісінде-ақ халықтың алғысына бөленген.
«Абайды Абай еткен Мұхтар ғана
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана
Қазақтың қос арысы, қос данасы.
Қалайша бас имессін оған, сірә», – деген жыр жолдарымен басталған мерейлі кештегі бастапқы сөз «Ақпараттық» топ студенттері Б.Қаупыш пен Қ.Нұржалғастың жүргізумен басталды. Кеш барысында Ж.Жусупов, Т.Жумғажан, Ж.Нұридинова, сияқты студенттер Мұхтар Омарханұлына арналған «Ол әке», «Ол ұстаз», «Бата» өлеңдерін оқыды. Кеш ажарын Қ.Қабиеваның «Туған жер» әні кіргізді.
М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясынан Абай мен Құнанбайдың диалогін орындаған Байрам Магзумов пен Бейбарыс Файзолланың шоқтығы биік болды. Дана тұлға, қоғам қайраткерінің өнегесімен сусындаған жастар сәулелі ой түйіп, өзгеше сезімге бөленді. Кеш соңында айтулы кешке белсенді қатысқан студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.
Шолпан ХУСАЙЫНОВА,
Лаззат БАЙГАЗИНА,
Қостанай педагогикалық
колледжінің кітапханашылары
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.