«Ұлттық диктант» – рухани жаңғырудың мысалы

Выпуск - №42(690)   :   14.11.2025
267

1

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институтында Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы мен Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Ұлттық диктант» республикалық жобасы ұйымдастырылды.

«Тілдер және әдебиет теориясы» кафедрасы мұрындық болған іс-шара жыл сайынғы дәстүрге айналған. Болашақ тіл мамандықтарының сауаттылық, жауапкершілік және тілге деген құрметін қалыптастыруға бағытталған диктантқа аталған кафедраның 174 студенті қатысты. Бұл жолы диктанттың мәтіні ретінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Оқу жолы» атты мақаласы таңдалып отыр. Бар-жоғы 123 сөзден тұратын аталмыш мәтіннің әрбір сөйлемі терең мағынаға ие.

2


– Бұл бастама мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге бағытталған. Мемлекеттік тілде сауатты жазуды үйрету және оны насихаттау – біздің мақсатымыз, – деп атап өтті Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың директоры Кенжегүл Есіркепова. Диктант аяқталған соң қатысушылар жазған жұмыстарын саралап, тіл мәдениетін дамытуға жеке мақсат қойды. Осындай дәстүрлі іс-шаралар арқылы Ахаң атындағы Қостанай өңірлік университеттің студенттері сауаттылық мәдениетін сақтап қана қоймай, тілге құрмет көрсетуге қадам жасайды.

Айгерім БАХИТБЕК,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ 3-курс студенті

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.