Ұлттық ойындардан жарыс

Выпуск - №13(510)   :   01.04.2022
432

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Наурыз мейрамына орай «Бір шаңырақ астында» атты колледж оқытушылары мен қызметкерлері арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті.

Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы зор. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Расымен де, халықты ұлты мен жеріне, тілі мен дініне бөлмей, өзіне ынтызар етер спорттың құдіреті жоғары.


«Спорт – денсаулық кепілі» екені бәрімізге мәлім. Ұлттық құндылықтарымыз насихатталған жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде шашу шашылып, наурыз көже және ыстық бауырсақ таратылып, қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Ұмыт қалған ұлттық ойындарды насихаттау және достық қарым-қатынасты бекіту мақсатында өткізілген жарыс, тоғыз ұлттық ойын түрін құрады. Жарыста пәндік әдістемелік бірлестіктері және әкімшілік командасынан құрылған жалпы 28 сайыскер бақ сынады.


Тартысты жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды гуманитарлық бірлестік командасы иеленсе, 2-орынға жаратылыстану бірлестігі ие болды. Ал жүлделі 3-тұғырға әкімшілік командасы тұрақтаса, 4-орынды саз бөлімінің командасы иеленді. Марапаттау сәтінде колледж басшысы Сандуғаш Алматова жеңімпаздарды құттықтап, қатысушыларға алғысын білдірді. Сайысқа қатысушы жеңімпаздарға кәсіподақ қаржылай демеушілік жасап, мадақтама қағаздарымен марапаттады. Осындай бағытағы бірлескен іс-шаралар ұжымды бір арнаға бағыттап, олардың берекесі мен бірлігін бекем етері анық.


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.