«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

Выпуск - №40(537)   :   14.10.2022
746

Осындай атаумен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Бастауыш білім беру педагогикасы және әдістемесі» мамандығының 1-курс, БМ-11, БМ-12 топтарының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шарасы аталып өтті.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәрбие-тағылым беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ұстаз әрдайым қасиетті тұлға. «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», – деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, білімі мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаздар біздің оқу ордамызда да жеткілікті.

Кіреберістен бастап қол соғып, қошеметін аямай, жылы лебіздерін жолдаған білім алушылар, ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлай білді. Кәсіби мереке қарсаңында колледж директоры Сандуғаш Алматова өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздар қауымын құттықтап, колледжіміздің өркендеуі мен дамуында, білімі мен беделінің артуында ұстаздар қауымының рөлі зор екенін және колледждің ғана емес, еліміздің болашағы да осы ұстаздарға тікелей байланысты екенін айтып өтті.

Мерекелік іс-шара жыл сайынғы дәстүрлі марапаттау рәсімімен жалғасын тапты. Мерекеге орай Назарова Гүлмира Қуандыққызы, Хасенова Зайгуль Рашитовна, Бондаренко Рима Анатольевна, Бағдат Бақытжанович мадақтамаларымен марапатталды. Салтанатты іс-шара құттықтау сөздермен қатар ұстаздарымыздың құрметіне арнап колледжіміздің өнерлі білім алушылары ән шырқап, өнер көрсетуімен жалғасты. Жиын соңында «Ұстазым» әні шырқалып, ұстаздарға ерекше көңіл-күй сыйланды.

Осы құрметті жандардың тынымсыз еңбегінің арқасында колледжімізден мыңдаған шәкірттеріміз білікті маман болып шығуда. Олай болса, білім мен ғылымға арнаған істеріңіз абыройлы болып, құрметтеріңіз әрдайым арта берсін дейміз.


Салтанат ОРАЛБАЕВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
«Бастауыш білім беру педагогикасы
және әдістемесі» мамандығының
арнайы пән оқытушысы,
Гүлбахрам СЕЙДАҒАЗИНА,
ағылшын тілі оқытушысы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.