Қазақстан Республикасы мерекелер күнтізбесіне биыл тағы да жаңа мереке енді. Ол – «Жұмыс беруші күні». Мерекені күнтізбеге енгізу, жұмыс берушілердің жасап жатқан пәрменді қызметіне деген мемлекет тарапынан көрсетілген құрмет деп білеміз.
Шараның басты мақсаты: «Жұмыс беруші күні» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау. Біздің колледждің де әлеуметтік серіктестермен ортақ әрекет біріздендірілген. Жыл сайын 36 білім ордасымен білімалушыларды тәжірибеден өткізуге келісім шарттар жасалады. Сәйкесінше серіктестеріміз жыл бойына кестеге сәйкес колледж студенттеріне «Тәжірибе алаңын» ұйымдастырады.
Колледж оқу үрдісінің 70 пайызы тәжірибеден тұратынын ескерсек, әлеуметтік серіктестеріміздің ортақ әрекеті, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға бағытталған нәтижелі жұмыс болып табылады. Сондықтан бұл мереке біздер үшін аса маңызды, бізге үнемі қолдау көрсетіп отырған өз әлеуметтік серіктестерімізге деген құрметімізді көрсетуге арналған айрықша күн деп білеміз. Аталмыш мерекені ұлықтауға Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі кешенді іс шаралар жоспарын құрып өткізді. Осы орайда «Колледжден жолдау – серіктестен қолдау» жұмыс беруші күніне арналған кешенді іс шаралар барысын баяндағым келеді. Мерекелік шараға қала ауыл мектептері мен балабақша меңгерушілері, «Атамекен» кәсіпкерлікті қолдау палатасының Арқалық қалалық филиалының өкілдері мен БАҚ қызметкерлері шақырылды.
Шараға 16 серіктес 60 студент 25 оқытушы тартылды. Бағдарлама 1 қабаттан волонтерлер тобының ұрансөздерімен қонақтарды қарсы алудан басталды, қонақтарды тіркеу бөліміне бағытталды. Тіркеу бөлімінде қонақтарға бейджик, шара бағдарламасы, қойын дәптер, қаламсап, «Жұмыс беруші күні» іс шарасын өткізу тұжырымдамасы жинақталған папкалары үлестірілді. Әлеуметтік серіктестермен колледж оқу корпусына экскурсия жасалды Экскурсия барысында колледж мүмкіндіктері көрсетілді, ұлт аспаптар оркестрінің дайындығы барысымен танысты. Шара мәжіліс залындағы жоғарғы курс студенттерімен «Ашық диалогтік алаң» жұмысына ұласты. Диалог алаңында білімалушылар тәжірибе алаңындағы өздеріне жасалған жағдаймен бөлісіп, жұмыс берушілерге ризашылығын білдірді. Өздерінің ұсыныстарын жолдап, талап ниеттерімен бөлісті.
Әлеуметтік серіктестерге әріптестік байланысты дамытатын «Іскерлік ойындар» ұсынылып, тренингтік жаттығулар өткізілді. Қонақтар шараға қызығушылықпен қатысты. Шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Концерттік бағдарлама соңында марапаттау рәсімі жүргізілді, әлеуметтік серіктесіміз «Раушан» бөбекжайы меңгерушісі Нуралина Майра Сериковнаға және Амангелді ауданынының білім бөлімінің кадр бөлімінің сектор меңгерушісі Кажетова Алуа Сабденовнаға министрліктің ағыс хаты, Мырзакеримова Ақгүлім Нуритдиновнаға және Сарымсакова Айсауле Баймұратовнаға Қостанай облысы білім басқармасының марапаттары тапсырылды. «Жұмыс беруші күні» мерекесіне қатысқан барлық қонақтарға колледж директорының алғыс хаттары үлестірілді. Шараның 1 бөлімі әлеуметтік серіктестермен «Дуалдық оқыту» бойынша екі жақты меморандумға қол қою рәсімімен тәмамдалды.
Бағдарламаның екінші бөлімі колледж жатақхана ғимаратында жалғасып, студенттер үйіне экскурсия жасалды. Шараның қорытындысы ретінде қонақтарға ақ дастархан жайылып «Кофе брейк» ұйымдастырылды. Дәм барысында қонақтарымыз өз лебіздерімен бөлісіп, ізгі ниеттерімен бөлісті. «Жұмыс беруші күні» бағдарламасы әлеуметтік серіктестерімізбен қызметтік байланысты, маңызды етуге жаңа серпін берді.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжі директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Арқалық қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.