Халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі – қамқорлық екені рас. Кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған жандардын жанашыры болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.
Айналамыздағы адамдарға қуаныш пен жылулық сыйлау – ізгі амалдардың бірі. Күлімдеу, бір адамның болсын жүзіне қуаныш сыйлай білу – өзіңнің де, олардың да өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартады. Болмашы бір әрекет болып көрінгенмен, сондай қарапайым істің нәтижесінде бір адамның жүзі нұрлана түседі. Осылайша қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Қазан айының екінші жексенбісінде елімізде мүгедектер күні аталып өтіледі. Осыған орай «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты ұранмен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларының арасында «Сурет салу» байқауы өтті. Тек сурет салып қана қоймай, олармен волонтерлеріміз тренинг өткізіп, жігіттеріміз күмбірлете күй тартып, қыздарымыз әуелете ән салып, артынша флешмоп билетті. Жеңімпаздар сайыс соныңда бірнеше номинациялар бойынша Дипломмен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді. Көңілдері баладай, жүректері даладай дархан жандардың жанында шынайы қуаныштың лебін сезіндік. Олардың жүріп өткен жолдары мен төзімділіктері көпке үлгі. Олар – ізгіліктің, кең пейілділіктің және бар қаhармандықтың жұрт таныған бастауы.
Біз жәй ғана олардың жүздеріне қуаныш ұялаттық, ал олар, бір ғасырға татитын бағалы сәт сыйлады. Адам қай кезде болса да рухани құндылықты іздейді, тіпті кей жағдайда оған материалдық игіліктің қажет болмауы да мүмкін. Ал мейірім, жылы сөз, рухани қолдау әрқашан маңызды, барлық кезде де өзекті. Адамның мүгедектігі болса, бұл қажеттілік екі есеге артады. Орталықтағы біз көрген жандардың арасында мүгедектігі жайлы суырылып шығып, өз проблемасын өзгеге айтқысы, естірткісі келетіндер аз. Өйткені, олар намысқой, шыншыл. Сонысымен де бұл инклюзивті, «нәзік тақырып».
«Қанатымен су сепкен қарлығаштай» болып, жаны қазақтың дархан даласындай кең жандарға колледжіміздің ерікті жастарынан құралған топппен рухани демалыс сыйладық. Олардың өмір сүру сапасын жақсарту, жұмыспен қамту мәселелері де үнемі назардан тыс қалмауы қажет.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.