Өнерге ден қойған жас ұрпақтың жетістігін атап, оған ортақ болу, ілтипат білдіру де – жақсылықтың нышаны. Соның бір дәлеліндей, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің білім алушылары әркез өнер биігінен көрініп келеді.
Жас таланттарымыздың өнердегі қадамдарын шыңдап, жаңа есімдерді жарыққа шығару мақсатында жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Жас талап-2024» дарындар додасы биыл да жалғасын тапты. Жүзден жүйрік шыққан жас өрендер хореография өнері, вокал, аспаптарда ойнау шеберлігі, театрлық өнер, авторлық ән, авторлық өлең, айтыскер ақындық өнері, жүргізушілер аталымдары бойынша өзара бақ сынасты. Әр топ 25-30 минут көлемінде аталған номинациялар бойынша концерттік бағдарламаларын көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
.jpg)
Байқау басталмас бұрын колледж директоры Мамбетов Руслан Елікбайұлы сөз сөйлеп, өрендерімізге сәттілік тіледі. Сайыста төрелік еткен колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оразова Гулхашима Куандыковна, колледжіміздің психологы Нуркенова Гулмира Дауылбайқызы және колледждің әлеуметтік педагогі Әмір Махаббат Қуандыққызы сахна тәртібін қатаң қадағалай отырып, өнерпаздарымызды әділетті бағалап, әр номинация үздіктерін жекелей марапаттап, жүзден жүйрік шыққан топтарға орындар беріп, дипломдар табыстады. Бас жүлдені ДМ-11 тобы жеңіп алса, жүлделі I орынды ДМ-12 тобы, ІІ орынды МУЗ-1 тобы қанжығасына байлады, ал ІІІ орын БМ-11 тобына бұйырды. Қалған екі топ әр түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
.jpeg)
«Қазақтың жүрегі тоқтамасын, өнердің жүрегі тоқтамасын деп отырғаным сол. Өнерін өлтіріп алған қазақ – ел болып оңбайды, елінен айнып қалған жүрек – жүрек боп соғып жарытпайды. Екеуі бөлінбес бір бүтін, тұтас дүние деп есептеймін», – деген еді Әшірбек Сығай. Ұлттық құндылықтарымыздың насихатталуы, өнеріміздің шарықтауы біздің елдің дамуына зор үлес қосары сөзсіз. Өнер – біздің рухани қазынамыз! Талпыныстары жоғары талантты жас буынның алдағы уақытта биіктен көріне беруіне тілектеспін. Болашағынан зор үміт күттіретін өрендерге сәттілік серік болғай.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.