Жас ұрпақ – жарқын болашақ

Выпуск - №19(616)   :   17.05.2024
811

image

Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Жас ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» пәндік-әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті.

Оқытушылар ашық сабақ, мамандық арасында сайыстар, викториналық сұрақ-жауап ойындар, сонымен қатар тәжірибе алмасуға келген тәрбиешілер, білім алушыларға эксперимент көрсетті. Білім негізгі мектепке дейінгі жастан қаланатын болғандықтан, баланың жеке тұлғалық күшін дамыту қазіргі оқытушылардың алдындағы үлкен міндет. Олай болса, өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген, білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаналықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру маңызды.
Кез келген ел өзінің жарқын болашағын ұрпағымен байланыстырады. Әрбір ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең, тынысы болады. ХХІ ғасыр – бүгінгі жас ұрпаққа бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабамыз болашақ ұрпақ үшін соңғы демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қай заманда болмасын, қоғамның қозғаушы күші – жас ұрпақ. Сондықтан, сол жарқын болашақ өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал, жаңа идея қазақ еліне қадам бастайды.

Акжаркын НАСРЕДИНОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
«Мектепке дейінгі тәрбие
және оқыту» мамандығының
ПӘК төрайымы, педагогика ғ.м.

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!