Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде ерекше маңызы бар кездесулердің бірі – Қазақстанның ғылым, білім және руханият саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған мазмұнды әрі тағылымды іс-шара өтті.
Кездесуге көрнекті ғалым, педагог, қоғам қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Жақып Қалқаман Хасенұлы арнайы шақырылды. Кездесудің басты тақырыбы – «Білім. Ғылым. Руханият: жас ұрпақтың ізденіс жолы». Бұл тақырып жайжан-жай таңдалған жоқ. Өйткені ғылым – адамзат өркениетінің дамуының негізгі қозғаушы күші. Қазақстан үшін ғылымды дамыту, білім мен инновацияға ерекше көңіл бөлу – басты міндеттердің бірі. Осы тұрғыда Қалқаман Хасенұлының жастарға берер кеңесі, ой-пікірі өте маңызды болды.
Кездесу барысында білім алушылар құрметті қонағымызға ғылымға қызығушылық, болашақ зерттеу тақырыптары, қазақ ғылымының қазіргі жағдайы туралы сұрақтарын қойды. Ғалым жас буынға ғылыми ізденістің маңызын түсіндіріп, тәжірибесімен бөлісіп өтті. Сондай-ақ еліміздегі ғылымның дамуына шолу жасап, қазіргі ғылыми жетістіктер мен болашақ мүмкіндіктер туралы айтты. Елімізде жас ғалымдарға көрсетіліп жатқан қолдау, ғылыми жобаларға бөлініп жатқан гранттар туралы да сөз қозғалды.
Кездесудің тағы бір маңызды бағыты – руханият тақырыбы болды. Ғалым білім мен ғылымды дамытумен қатар адамның рухани дамуының аса маңызды екенін атап өтті. Өз сөзінде Ахмет Байтұрсынұлының, Шоқан Уәлихановтың, әл-Фарабидің еңбектеріне тоқталып, олардың ғылым мен мәдениетті дамытудағы рөліне ерекше назар аударды. Рухани азықсыз білім – құрғақ ақпарат қана. Шынайы ғалым болу үшін адамның жүрегінде ізгілік, жан дүниесінде парасаттылық болуы керек. Ұлы тұлғаларымыз бізге осыны үйреткен. Сондықтан ғылымды рухани құндылықтармен ұштастыра білу – басты міндетіміз. Бұл кездесу жас буын үшін ерекше әсерлі әрі пайдалы болды.
Ғылым, тіл мәдениеті, рухани құндылықтар сияқты маңызды тақырыптар қозғалып, студенттер мен оқытушылар арасында қызу пікірталас өрбіді. Жас ғалымдар үшін ғылым жолында адалдық пен табандылықтың маңыздылығы, қазақ ғылымының келешегі жайлы құнды ойлар айтылды. Кездесу соңында Жақып Қалқаман Хасенұлы жас ғалымдарға ғылым жолында табыс тіледі. Ол жастардың білімге, ғылымға деген құштарлығы – елдің болашағына үлкен үлес қосатынын атап өтті. Айта кету керек, бұл жиын тек ғылыми пікір алмасу ғана емес, сонымен қатар студенттер үшін шабыт беретін маңызды сәттердің бірі болды.
Тағылымды іс-шарада ғалым «Табыс жолы-2025: Білім. Ғылым. Кәсіп» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік байқауында және «Жас ғалым-2025» халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясында жеңімпаз атанған білім алушыларымызды арнайы марапаттады. Бұл марапаттар – студенттердің еңбегінің, ізденісінің, табандылығының айқын көрінісі. Ғылымға қадам басқан әрбір жас зерттеуші үшін бұл үлкен мотивация және жаңа жетістіктерге жетуге берілген мүмкіндік. Осындай кездесулер жастардың ғылымға деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың болашағына сенім ұялатады. Білімді, ғылымды және кәсіпкерлікті ұштастыра отырып, Қазақстанның болашақ ғалымдары елімізді жаңа белестерге жетелейтіні анық.
Мөлдір ҚАСҚЫРБАЕВА,
Қостанай жоғары
педагогикалық колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы,
әдіскер, педагог-сарапшы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.