Жүлдемен оралған жалынды жастар

Выпуск - №13(561)   :   07.04.2023
843

Зерек колледжінің ұйымдастыруымен Қостанай облысының Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Облыстық еріктілер форумы-2023» байқауы өткізілді.

Қазақстандағы Алғыс айту күніне және Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған форумға Арқалық қаласының намысын қорғап, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Нағыз көшбасшылар одағы» еріктілер ұйымы бақ сынап, тартысты додада өздерін жан-жақты қырларынан көрсете білді. Форум Қостанай облысының колледждерінде еріктілер қозғалысын насихаттау және дамыту мақсатын көздеген болатын.

Еріктілер форумына 6 бағыт бойынша 22 колледжден 100-ге тарта ерікті жастар қатысты. Байқау қатысушыларына әділ бағасын беріп, төрелігін көрсеткен қазылар алқасының құрамында педагог-ұйымдастырушы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы волонтёрлер орталығының төрайымы Пушкарева Анастасия Вячеславовна, Қостанай облысының ресурстық орталығының волонтерлар секторының меңгерушісі Манарбекова Малика Манарбекқызы және «Социум&Я» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анненков Егор Анатольевич болды.

Осылайша тартысты өткен облыстық еріктілер форумында Арқалық қаласының намысын қорғаған Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі «Үздік еріктілер күнделігі» бағыты бойынша, «Жастар бастамалары» номинациясында жүлделі I орынды иеленді. Жыл сайын бұл бастама жалғасып тауып, өрендердің қатары толыға берсін дегім келеді. Біздің қазақта «ақыл – жастан, асыл – тастан», «жас келсе – іске» деген нақыл сөздер бар. Бұл да ата-бабаларымыздың қай кезде де жас ұрпаққа үлкен үміт артып, олардың болашағына сеніммен қарағанын көрсетеді. Бұл қай кезде де өзекті болып қала бермек. Біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті жастарға артар сеніміміз мол!


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.