Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, онда 565 мың студент оқиды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудегі (ТжКББ) мемлекеттік тапсырыс көлемі 143 мың орынды құрады, ал студенттердің шәкіртақысы екі есеге өсті. Мұның барлығы ТжКББ ұйымдарына көрсетілген қамқорлық пен қолдау деп білеміз.
Биыл ТжКББ мекемелері үшін жағымды жаңалықтардың бірі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы» болып жариялануы. Аталмыш бастама «Техникалық және кәсіптік білім беру» жүйесіне жағымды өзгерістер әкелетініне сенімдіміз. Бұл бетбұрыс жұмысшы мамандықтарды танымал етудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. «Техникалық және кәсіптік білім беру» жүйесін реформалауды жүзеге асыру жөніндегі республикалық жоспардың бекітілуі, Министрлікпен кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасының қабылданғаны – «Техникалық және кәсіптік білім беру» саласына тың серпін беретіні сөзсіз.
Осы жаңалықтар мен тың бетбұрыс негізінде республикалық және облыстық деңгейде барлық ТжКББ мекемелерінің жылдық жоспары жасалды. Сәйкесінше, біздің Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде де Жұмысшы мамандықтары жылының кешенді жоспары бекітіліп, жұмыс басталып та кетті. Кешенді шаралар жұмысшы мамандықтарды танымал етуге жаңа мүмкіндік берген «Мамандығым – мақтанышым» атты Жұмысшы мамандықтары жылының ашылу салтанатымен бастау алды. Бұл жиын Жұмысшы мамандықтары жылында атқарылатын жұмыстар туралы ақпараттандыру әрі жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеруді көздеді.
Іс-шара бағдарламасында, кәсіби бағдар беруге арналған «Ашық есік» күніне қаламыздағы Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің, А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназияның және Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің 9 және 11-сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері шақырылды. Іс-шараның құрметті қонақтары – колледжді тәмамдап, бүгінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отырған түлектеріміз Рүстем Шалабаев пен Ербол Қабылдин. Рүстем Асанханұлы – колледждің 1995 жылғы түлегі, қызыл диплом иегері, қазақ күресінен спорт шебері, республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Родина ауылының әкімі, «Қайрат» спорт кешенінің директоры қызметтерін атқарған ол, бүгінде «Жігер» стадионының директоры. Сондай-ақ, Ербол Жаңбыршыұлы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімінен мектеп директорына дейін өз қабілетімен көтерілген, бүгінде қаламыздағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры.
Колледжіміздің студенттерін тәжірибе алаңымен қамтамасыз етіп отырған өндіріс орнындағы әлеуметтік серіктестеріміз: Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ директоры Кульназия Мукышева, А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназияның директоры Қарлығаш Козбагарова, Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ директоры Нұрдаулет Ахатов, колледждің қамқоршылық кеңесінің белді мүшелері, қамқоршылық кеңестің әрі «АМАNAT» партиясының қалалық филиалының төрағасы Сабыржан Тасмағанбетов қатысты. Мерекелік жиын бағдарламасында колледж оқу ғимаратына экскурсия жасалып, мамандықтарға шолу көрсетілімдер, шеберлік сабақтары, релакс бөлмесінде кішігірім демалыс ұйымдастырылып, тренингтер өткізілді.
«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері келген мектеп түлектеріне сабақтан үзінді өткізіп, түрлі көрнекіліктерді қолдана отырып, ұлттық арқан тарту ойынын өткізсе, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенттері «Шалғы» театрын қолданып, ертегі қойылымын сахналады. Ал, «Сабау» ойыны арқылы «Келіншек күйін» ойнатып, сергіту сәтін ұйымдастырды. «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің студенттері түрлі спорттық аса күрделі жаттығуларын көрсетті. Колледждің ерекшеліктерінің бірі ретінде ұлттық аспаптар оркестрі жаттығу сабағын көрсетіп, қатысушыларға музыкалық шығарма тыңдатты. Экскурсия мәжіліс залындағы мерекелік салтанатты шараға ұласты.
Осылайша, мерекелік бағдарлама «Мамандықтың жаманы жоқ» тақырыбындағы театрланған шағын қойылыммен басталып, шақырылған қонақтарға сөз берілді. Бағдарлама барысында түрлі қызықты ұлттық ойындар ойнатылып, кәсіби мамандықтар туралы әндер шырқалып, тамаша би қойылымдары ұсынылды. Іс-шара бағдарламаға қатысушылардың жылы лебіздері мен мереке туралы ой-пікірлерін ортаға салған «Диалогтік алаңмен» жарасымды жалғасын тапты. Жұмысшы мамандықтар мәртебесін көтеруге арналған мерекелік бағдарламалар кешенді жоспарға сәйкес жыл бойына жалғасын табады.
Гулхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық
колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.