Жұмысшы – мерейлі мамандық

Выпуск - №7(655)   :   26.02.2025
867

1
 

Мамандық таңдау – өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Биылғы 2025 жыл жұмысшы мамандықтары үшін айтулы маңызға ие. Оның себебі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы.

Ел Президенті өз Жолдауында: «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеи насихаттаймыз», – деп атап көрсеткен еді. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жұмысшы мамандықтарға ерекше назар аударып, жұмыс берушілерді мамандардың қоғамдағы мәртбесін көтеруге шақырды. Айтуынша, Жұмысшы мамандықтары жылы қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал етеді.
Жұмысшы мамандықтарын даярлап шығару, ақ адал, маңдай терімен еліміздің өсіп-өркендеп, дамуына үлес қосып жүрген мамандық иелерінің қадірін арттыру, құрметпен қарау – баршамызға ортақ іс болуы тиіс. Бұл тұрғыда мектеп қабырғасынан үлкен өмірге алғаш қадам басқан жастың білікті маман болып қалыптасуына баулитын кәсіптік білім беретін оқу орындарының атқаратын рөлі зор. Сонымен қатар, еңбек адамдарына деген ерекше құрметтің белгісі.
Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтары жылы – дамудың негізгі бірнеше бастамалары мен қадамдарын қамтиды. Осындай мамандарды даярлайтын колледждердің басқа оқу орындарынан ерекшеліктерін жеке-жеке жіктеп айтуға болады. Біріншіден, тәжірибеге негізделген оқыту, яғни аталған колледждер білім алушыларды нақты жұмыс жағдайына дайындауға бағытталған. Білім алу барысында студент кәсіпорындарда немесе өндіріс орындарында тәжірибелік дағдыларды меңгереді. Екіншіден, қысқамерзімді оқыту. Колледждегі оқу университеттерге қарағанда қысқа уақытты алады (көбіне 1–3 жыл). Бұл студенттерге тез арада кәсіби ортаға сіңуге мүмкіндік береді.
Үшіншіден, арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілуі. Колледждер өндірістік шеберханалармен, зертханалармен және заманауи техникамен жабдықталған, өз кезегінде, бұл студенттерге нақты еңбек құралдарын қолдануды үйретеді. Ал, төртіншіден, сұранысқа ие мамандықтар. Колледждер құрылысшы, электрик, дәнекерлеуші, механик, аспаз және т.б. сұранысқа ие мамандықтарды дайындайды. Бұл түлектердің жұмысқа орналасу процесін жеңілдетеді. Осы жоғарыда аталған талаптарға сай, Арқалық политехникалық колледжі бүгінгі таңда нарыққа қажетті мамандықтарды қамтып отыр.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледжде «Арнайы пәндер саласы» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жұмысшы – мерейлі мамандық!» атты апталық өтті. Апталық барысында өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары бес мамандық бойынша әртүрлі іс-шаралар арқылы өз кәсібінің қырлары мен сырларын таныстырды. Атап айтқанда, «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «Шаштараз өнері», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша арнайы іс-шаралар өтті.

Тоғжан АХМЕТ,
Арқалық политехникалық
колледжінің өндірістік
оқыту шебері, информатика пәнінің
оқытушысы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.