Жаһандық деңгейге ұласқан челлендж 

Выпуск - №43(439)   :   01.11.2020
118

Қазір Абай атамызды әлем елдерінің бәрі біледі десек, артық айтқандық емес. Биыл ақынның мерейтойына орай челлендж ұйымдастырылғаны белгілі. Оны әлеуметтік желі қолданушысы Шынар бастап, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап ары қарай қоғам белсенділері іліп әкетті.

Еліміздің танымал жұлдыздары, эстрада әншілері, блогерлер, Димаш Құдайбергенов те қолдау көрсетіп, нәтижесінде челлендж шетеліктерге де жетті. Ресейлік Игорь Крутой бастап, Түркиялық Yakup Omerogul челленджді аяқтады. Абай атамызды насихаттаушылар жылдан-жылға көбейіп келеді және бұл қуантарлық жайт. Уақыт өткен сайын тек Қазақстан тарихына емес, дүниежүзілік тарихқа да Абай атамыздың есімі алтын қаріппен сақталатын жағдайға аяқ басып келеміз. Абай атамыздың шынайылығы мен тік мінезі, шыншылдығы мен сабырлығы, белсенділігі мен мейірімділігі көп адамды таңғалдырып, қазақ еліне арналған челлендж жаһандық челленджге айналды.
Абай атамыздың шығармашылығын насихаттауды көздеген челленджге ат салысқан шетелдік тұрғын – Грайс Гаттер. Ол челлендж басталмас бұрын да Абай Құнанбаевты дәріптеп, шығармашылығын аса құрметтеген. Кезінде ол Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқап, танымал бола бастаған. Грейстің арқасында Абай Құнанбаевтың шығармалары Қазақстаннан өзге жерлерге сапар шекті. Ол арқылы шетелдіктер Абай атамыздың шығармашылығына қызығып, зерттей бастады. Биыл ғана басталған челлендждің аз уақыт аралығында танылып кетуіне басты себеп – ақынның шығармашылығының кеңдігі мен байлығы. Екінші себеп – қазақ елінің бұл челленджді қолдаған патриот жандардың көптігі. Үшінші себеп – жоғарыда айтылып, ескеріліп кеткен Грейстің Абай атамызды шетеліктерге танытуы деп білемін.


Дильназ ҚОЖАБЕКОВА,
Родина ЖОББМ
10 «А» сынып оқушысы,
Арқалық қаласы

 

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.