Дәл осындай тақырыпта №31 ЖББМ кітапханасында мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың абонементтер бөлімімен бірлесе ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар ақынның жан-жақты талантын көрсетуге, шығармаларының терең мәнін ашуға және Қазақстан әдебиетіне қосқан үлесін атап өтуге мүмкіндік жасады. Ақын өмірден өтсе де, оның өлмес жырлары – халқымыздың қазынасы, келешек ұрпаққа бойтұмар болып қала бермек. Мұқағали Мақатаев біздің Отанға деген махаббатымызда, анаға деген сағынышымызда, достыққа деген адалдығымызда өмір сүріп жатыр.
Әдеби-сазды кешке 8–9 сынып оқушылары қатысып, ақынның өмір жолымен, шығармашылық мұрасымен танысты. 8 «А» сыныбының оқушысы Нұрислам Жақсылық ақынның күнделігінен ой толғанысын сахналап көрсетсе, 8 «В» сыныбының оқушысы Жәнібек Елтабар өзінің «Мұзбалақ ақынға арнау» өлеңін нақышына келтіріп оқып берді. Ал 8 «В» сыныбының оқушысы Дильнара Турмагамбетова мен 8 «Ә» сыныбының оқушысы Жәния Конысбаева ақынның өлеңдерін мәнерлеп орындады.
Іс-шараға ерекше сән беріп, 9 «А» және 9 «Ә» сыныбының оқушылары Дінасыл Бақытбек пен Ержан Тұяқ Мұқағали Мақатаевтың өнердегі ағасы Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» және «Ана толғауы» күйлерін домбыра мен шаңқобыздың сүйемелдеуімен орындап берді. Өнегеге толы кеш соңында Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №31 ЖББМ кітапханасына ақынның жаңа кітабын сыйға тартты. Поэзиялық кеш таныстырылымдармен, бейнематериалдармен және ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен толықтырылды.
«Болашақ, мені де ойлай жүр!» деп аманат қалдырған ақынды халқы ешқашан ұмытпайды. Жүз жылдық, жүз елу жылдық тойларында да Мұқағали жырлары Хантәңірінің шыңындай асқақтап, оқырмандарының жүректерінен орын таба бермек.
Айгуль МИНАСОВА,
№31 жалпы білім беретін
мектептің тарих пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.