Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Адамгершіліктің әліппесі

Выпуск - №7(604)   :   21.02.2024
1139

Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, Рудный қаласындағы Мемлекеттік тілдегі кітапханада халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақын Серікбай Оспанұлының «Адамгершілік әліппесі» кітабының тұсаукесері өтті. 

Бұл мерекенің негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқитын адамдардың санын арттырып, рухани құндылықты насихаттау. Мерейлі күндегі тағылымды шараны ұйымдастыруға Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сабыржан Есмурзин ықпалын тигізді. Осы айтулы мерекеде тұсауы кесілген Серікбай Оспанұлының «Адамгершілік әліппесі» кітабының 10 данасын «Нұр» мешіті біздің кітапханамызға сыйға тартты. Игі шараға Қостанай қаласының «Марал Ишан» мешітінің бас имамы Бектұрсын Уалиев, «Кездесу» клубының мүшелері мен қарымды қаламгерлер және №13 мектептің 8-сынып оқушылары мен мешіт шәкірттері қатысты.

«Адамгершілік әліппесі» кітабында ақынның өлеңдері, ертегілер мен аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, тіпті, ойындар да енгізілген. Діни жазбаларда, халықтың даналық сөздерінде, ойшылдар еңбектерінде айтылған адамгершілік қасиеттер жайындағы ойлар өлең жолдарына айналдырылып берілген. Кездесуде жастарға ақын ағамыздың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы айтып, өлеңдерін мешіт шәкірттері жатқа оқыды. Әрине, кездесу кеші ақынымызға сұрақ қойып, одан тұшымды жауап алумен де әрленді.

Кеш қонақтары Бектұрсын Уәлиев пен Сабыржан Есмурзин сөз алып, жүрек жарды жырларын оқып, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара соңында кітапхана қорындағы Серікбай Оспанұлының кітаптарынан қойылған кітап көрмесіне шолу жасалып, слайдтар көрсетілді. Ал, шараға қатысқан №13 мектептің ұстазы Ұлпан Алдиярқызына және мешіт шәкірттеріне «Адамгершілік әліппесі» кітабы сыйға тартылды.


Гүлбараш УАЛИЕВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхана меңгерушісі,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.