Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың қатысуымен пресс-конференция өтті. Алдағы аптада, яғни қазанның 17-сі мен 21-і аралығында қазақ әдебиеті апталығы өтпек.
Қостанай облысының мәдениет мекемелері рухани мұраны дәріптеуге, шығармашыл жастарды қолдауға, кітап пен кітап оқуды насихаттауға бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұдайы өткізіп тұрады. ҚР Ұлттық кітапханасы бастамашылық еткен республикалық байқаудың қорытындысы бойынша Қостанай облысы «Оқырманы озық өлке» деп танылды. Бұл туралы кездесу барысында Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов мәлімдеді. Осыған орай қазақ әдебиеті апталығын өткізу қисынға келетін, дер кезінде қабылданған оң шешім болмақ.
– Бұл бастамаға негіз болған бірнеше себеп бар. Әрине, біріншіден, биыл біздің танымал жерлестеріміз, әдебиетте өзіндік орнын алған тұлғаларымыздың мерейтойлары: Ахаңның 150 жылдығы, жерлесіміз, көрнекті ақын Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығы және жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлен Әбдіктің 80 жылдық мерейтойы бар. Осындай мерейлі даталар өңіріміздің ұлттық әждебиетімізге қосқан үлесін айшықтай түсетіні анық. Сондықтан осы айтулы даталарға арналған шараларды бір аптаның аясына топтастыруды жөн көрдік, – деп атап өтті Ерлан Болатұлы.
Пресс-конференцияға қатысқан Қазақстан Жазушылар Одағының Қостанай облыстық филиалының төрағасы, журналист, әдебиет сыншысы Жанұзақ Аязбеков қазақ әдебиеті апталығының маңыздылығына тоқталып өтті.
– Апталық аясында Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына арналған әдеби-мәдени кеш болмақшы. Бұл кештің де тұрпаты бөлек болады. Оған классик ақын Сыр-ағамыздың қайталанбас шығармашылық болмысын жаңа қырынан тануға мүмкіндік ашылайын деп отыр. Бұл кешке Жазушылар Одағының мүшелері ғана емес, біздің облыстағы қаламы мен қарымы мықты ақын, жазушыларымыз, талантты жастарымыз қатыспақ. Кейтіреуінің есімін естіп, шығармашылығын біліп жүргенмен, түрін танымай жататынымыз рас. Сондықтан бұл шарадан қапы қалмауға тырысыңыздар, – дейді Жанұзақ Аязбекұлы.
Танымдылығы мол түрлі іс-шараларға толы «Қазақ әдебиеті апталығы» біздің өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның рухани дамуына қосылған елеулі үлес болмақ.
17 қазан
10.00-де: Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ахмет Байтұрсынұлы: ақын, ғалым, публицист» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысы басталады және Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «А.Байтұрсынұлы: Ел – бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» атты мәнерлеп оқу байқауы өтеді.
11.00-де: Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қазақ әдебиеті апталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Кітапханаларда көрме ұйымдастырылып, мұражайларда экскурсиялар өткізіледі.
18 қазан
15.00-де: С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназияда «Жыр тұлпары, сыр сұңқары – Сырағаң» ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Ақын ғұмыр» секциялық отырысы өтеді.
18.00-де: І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында Қостанай қаласының белгілі және жас ақындары, «Ақ қауырсын» және «Толқын» әдеби клубтарының мүшелері қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына «Жырлайды жан жүрегім жақсылықты» атты поэзия кешін ұсынады.
19 қазан
11.00-де: Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Қостанай қаласы мектептерінің оқушылары үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармалардың Ы.Алтынсарин атындағы республикалық байқаудың жеңімпазы Мейіржан Жылқыбаймен шығармашылық кездесу ұйымдастырады.
16.00-де: Балалар шығармашылығы мектебінің жиналыс залында (Алтынсарин көш. 109) «Жыр тұлпары, сыр сұңқары – Сырағаң» ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысы өтеді.
І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры барлық тілек білдірушілерді 18.00-де «Адалдық алаңындағы бәйтерек» кітап көрмесіне, ал 18.30-да Төлен Әбдіктің пьесасы бойынша қойылатын «Өтелмеген парыз» спектакліне шақырады.
20 қазан
17.00-де: І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында өтетін «Адалдық алаңындағы бәйтерек» шығармашылық кездесуі Төлен Әбдікпен сұхбаттың өзіндік жалғасы болмақ.
11.00-де: Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әдеби қонақжайында Ғанибет Ғалымбекұлымен «Көңілімнің шуағы» атты шығармашылық кездесу өтеді.
21 қазан
11.00-де: Л.Н. Толстой ат. ҚОӘҒК әдеби қонақжайында Сейілбек Мырзабайдың «Балалықтан даналыққа» кітабының тұсаукесері, ал 15.00-де қазақтың көрнекті ақыны Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Жыр әлемінің бәйтерегі» шығармашылық кешімен аяқталады.
Жамал ШАУКЕН
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!