«Әже – отбасы ұйытқысы!»

Выпуск - №50(547)   :   24.12.2022
1274

Осындай тақырыпта №2 Қашар ЖББ мектебінде бастауыш сынып оқушыларының әжелірімен іс-шара ұйымдастырылды. Әжелердің қатысуымен өткен іс-шарада қазақтың салт-дәстүрлері көрініс тапты.

«Әжелер» клубы жетекшісі мектебіміздің ардагер ұстазы Люся Майданова «Үндестік» жобасы аясында «Әже – отбасы ұйытқысы!» тақырыбында әжелер сайысын өткізді. Ұлттық тәрбиемізде әженің орнының құндылығын ескерту, салт-дәстүрді дәріптеу, жаңғырту. Қазақ отбасындағы әженің орны ерекше әрі қадірлі. Әже – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылшысы. Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі.

Мектебімізде ұйымдастырылған сайысқа Аршын әже, Роза әже, Ырыскүл әже, Нұрсұлу әже және ең жас әже Нұрсұлу әже немерелерімен қатынасты. «Тілім барда қазағым бар, халқым бар, дәстүрім бар, ата жолы салтым бар» демекші, қанымызға сіңісті, жанымызға жұғысты, ой-санамызға нұрлы шуақ беретін әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді жаңғырту мақсатында әжелеріміз сайыс барысында өнерлерін ортаға салды. Жиек шалу, ұршық иіру, ұлттық қолөнер бұйымдарымен таң қалдырды. Сайыс жоғары деңгейде өткізіліп, әжелердің өнерлері ата-аналар мен көрермендердің қошеметіне бөленді.

Мерекелік кеште «Үндестік» жобасы да жүзеге асты. Әжелеріміздің қатысуымен өткен іс-шарада қазақтың салт-дәстүрлері көрініс тапты. Бізді отаншылдыққа, татулық пен туыстыққа, сыйластық пен адалдыққа, білімге деген құмарлыққа, үлкенге құрмет, кішіге ілтипаттық тәрбиені әжелерден алады екенбіз. Осылайша салт-дәстүрімізді ұлықтайтын ұрпағымыз, ұрпақ санасында жаңғыртатын әжелеріміз аман болсын.


Ұлбосын
СӘБДЕНБЕКОВА,
№2 Қашар ЖББМ
бастауыш мұғалімі
Рудный қаласы
Қашар кенті

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.