Қостанай қаласының №24 мектеп-гимназиясында балалардың көктемгі демалысы алдында Наурызнама онкүндігіне орай бірқатар тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі – қазақтың ұлттық өнерін дәріптеуге арналған домбыра челленджі.
Бұл ерекше шарада «Балауса» домбыра ансамблінің мүшелері өз өнерлерін ортаға салды.
– «Балауса» домбыра ансамблі 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде қалалық және республикалық жарыстарда жүлделі орындар алып, мектеп мерейін асқақтатуда, – дейді мектеп директоры және ансамбльдің жетекшісі Алмагүл Тоқмағамбетова Мұратқызы.
Алмагүл Мұратқызының жетекшілігімен балалар ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, қазақтың қара домбырасын меңгеруде үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Домбыра үйірмесінде қазіргі таңда 40-қа жуық бала білім алуда. Осы челленджге олардың 30-дан астамы қатысып, қазақтың күйлерін шертіп, өнерлерін паш етті. Әр күйдің орындалуы ұлттық рухты сезіндіріп, тыңдаушылардың жүрегіне жылы әсер қалдырды. Ата-аналар балалардың домбырадағы жетістіктеріне ерекше сүйсініп, зор ықыласпен қолдау көрсетті.
Домбыраға деген қызығушылық мектеп оқушыларында жоғары. Үйірмеге қатысқысы келетін балалардың саны жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе, 1-сынып оқушылары қыркүйек айынан бастап домбыра үйренуге ниет білдіреді. Бар-жоғы 7-8 айдың ішінде балалар бірнеше күйді меңгеріп, домбыра тарту шеберлігін дамытады. Алайда үйірмеге қатысатын балалар саны шектеулі болғандықтан, барлық бала бірдей қабылдана бермейді.
Мектепте домбыра үйірмесінің болуы – ұлттық өнерге деген құрметтің жарқын көрінісі. Ата-аналар да бұл бастаманы қолдап, балаларын ұлттық музыканы үйренуге бағыттайды. Домбыра – қазақ халқының рухани құндылығы, тарихи мұрасы. Оны меңгеру арқылы балалар ұлттық мәдениетке жақын өсіп, қазақтың төл өнерін бойларына сіңіреді. Өткізілген челлендж – тек музыкалық өнер додасы ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мағыналы іс-шара болды. Өнерлі балаларға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен биік белестер тілейміз.
Гулим БАТЫР,
Адилет НУРАБАЕВ,
суреттерді түсірген
Абиль ДОЩАНОВ
«Наш Костанай» газеті
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.