Қостанай қаласындағы «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №15 м/ж 8 «Б» сынып оқушыларына арналған «Гендерлік теңдік – дамыған қоғамның кепілі» атты ақпарат күнін өткізді.

Кітапханашы оқушыларға гендерлік теңдік деген не екенін түсіндіріп, өткен және қазіргі қоғамдағы әйелдің жағдайын қарастырды. Проблемаларды салыстырдық, өзгерістерді талдадық. Іс-шараға №15 м/ж психологы Динара Маралқызы және әлеуметтік педагог Манат Оразалықызы, жеке кәсіпкер Алмагүл Шалқымбайқызы, «Бес үйрек» бөбекжайының меңгерушісі Қарлыға Қажиақпарқызы шақырылды. Олар гендерлік білім мен тәрбие мәселесі өзекті мәселе екенін айтты.
Демократиялық мемлекет құру ерлер мен әйелдер теңдігін сақтамай жүзеге асуы мүмкін емес. Ең алдымен, күш-жігерді гендерлік стереотиптерді жеңуге бағыттау керек. Еркек пен әйел екі қарама-қайшылық емес, тек екі түрлі жыныс. Бұл, керісінше, адамның жеке тұлға ретінде дамуына кедергі келтірмеуі керек екендігін айтады қатысушылар. Оқушылар іс-шара қонақтарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Іс-шара соңында кітапханашы «Гендерлік теңдік – дамыған қоғамның көрсеткіші» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Галия АЯЗБАЕВА,
«Станционный» кітапхана-
филиалының кітапханашы,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.