Қостанай қаласындағы балалар шығармашылығы мектебінде «Etno Ary-2020» түрлі ұлт өкілдерінің ақылына көркі сай қыздары бақ сынасқан байқау өтті. Биылғы жағдайға байланысты байқау онлайн форматта ұйымдастырылды.
Ол өзара сыйластыққа, төзімділікке, жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтаралық келісімге, мәдени дәстүрлерді дамыту мен танымал етуге негізделген азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ балалар шығармашылығы мектебі тәрбиеленушілерінің этникалық топтар өкілдері арасындағы дарындарды анықтау және қолдау мақсатында өткізілді.
Қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсті. Олар: визит карточкасы, ұлттық киімдердің дефилесі, салт-дәстүрдің тұсаукесері және шығармашылық нөмір. Кәсіби мамандардан құралған әділ қазылар алқасының шешімі бойынша «Etno Ary-2020» атағына «Алтынай» халықтық-үлгілі би ансамблінің тәрбиеленушісі Данна Жуковская ие болды. «Talant arýy» аталымын «Индиго» хореографиялық студиясының тәрбиеленушісі Ксения Сысоева, «Ulttyq kolorit arý» аталымын «Жемчужинка» спорттық-балл би студиясының шәкірті Анель Исабекова, «Ulttyń sulýlyǵy» аталамын «Душа» театр студиясының тәрбиеленушісі Амина Закирова иеленді.

Ал «Ult maqtanyshy» аталымына «Овация» театр студиясының тәрбиеленушісі Елизавета Бабак, «Ult juldyzy» аталымына «Виво» вокал студиясының тәрбиеленушісі Жайнагүл Самеева, «Creative arý» аталымына «Алтын ине» тігін шеберлігі студиясының тәрбиеленушісі Екатерина Науменко лайық деп танылды. Сондай-ақ Instagram арқылы халықтың дауыс беруі нәтижесінде «Kórermen kózaıymy arýy» қосымша аталымына Ксения Сысоева ие болды.
Байқаудың нәтижесі Балалар шығармашылығы мектебінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасының тікелей эфирінде жария етілді. Осы тұста «Позитив» жедел полиграфиясына, «Әшекейлер әлемі» бижутерия бутигіне, «Елена» гүлдер дүкеніне, «Қарлығаш» үйлену-той агенттігі және «Косметичка» бутигіне, сонымен қатар қатысушылардың дайындығына ат салысқан мұғалімдер мен ата-аналарға алғыс айтамыз.
Дина БЕИСОВА,
Қостанай қаласындағы балалар
шығармашылық мектебінің
қосымша білім беру мұғалімі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.