Ғылым шамын жаққан Шоқан

Выпуск - №42(690)   :   14.11.2025
524

Биыл қазақ халқының дара перзенті, ғалым, саяхатшы және ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының даңқты ұлы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өңірдің белгілі ғалымдары мен мәдениет майталмандары, тарихшы ұстаздар мен жас зерттеушілер бас қосты.

1

Ғалымның бай мұрасын кеңінен насихаттап, оның зерттеу еңбектерінің тарихи және рухани маңызын айқындауды, сондай-ақ жастарды ғылымға, ізденіске баулуды көздеген дөңгелек үстел барысында Шоқан тұлғасының қалыптасу кезеңі, оның отбасындағы тәрбиесі мен Омбы кадет корпусындағы жылдары, Орта Азияны зерттеу сапарлары мен ғылымға қосқан үлесі жан-жақты талқыланды. Алқалы жиынға философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Хасенұлы, ақын, публицист, филология ғылымдарының кандидаты Ақылбек Қожаұлы, Qazbilim Қостанай ұлттық лицейінің директоры Сәрсенбек Бақытұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ және өзге де жоғары оқу орындарының оқытушылары мен музей қызметкерлері қатысты.

2

Дөңгелек үстелдің негізгі ерекшелігі – жас зерттеушілердің белсенді қатысуында. Ғылыми ортада өз білімін дәлелдеп, мазмұнды баяндамаларымен көзге түскен үш студенттің барлығы – А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің білімгерлері. Олар аздаған уақыт ішінде ғылыми ізденіс жүргізіп, еңбектерін кәсіби деңгейде қорғап шықты. Педагогикалық институттың «Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Дильназ Тайкешева «Шоқтығы биік Шоқан» баяндамасында ғалымның тұлғалық биігі мен замандастары арасындағы беделін саралап, мазмұнды ой қозғады. Ал 2-курс студенті Әйгерім Құсман «Чокан Валиханов – исследователь Кашгарии и открыватель Восточного Туркестана» тақырыбында тың деректерге сүйеніп, ғалымның зерттеушілік сапарын жаңаша қырынан талдаса, 4-курс студенті Жәнібек Абат «Шоқан Уәлихановтың рухани қалыптасуындағы Омбы кадет корпусының рөлі» баяндамасында болашақ ғалымның дүниетанымына ықпал еткен білім мен орта туралы өзіндік көзқарасын білдірді.

3
4
5

Олардың ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының кандидаты, ҚӨУ-дің қауымдастырылған профессоры Айбек Шалғымбеков. Ұстаз шәкірттерінің ізденісін жоғары бағалап, екі ай ішінде осындай сапалы зерттеу еңбегін ұсынуы – үлкен еңбектің нәтижесі екенін ерекше атап өтті. «Біздің студенттер дайындық деңгейімен, ғылыми мәдениетімен және көзқарас тереңдігімен ерекшеленді. Ұйымдастыру комитеті оларды арнайы шақырғаны – жастардың еңбегіне берілген үлкен баға», – дейді профессор.
Тағылымға толы жиын барысында айтылған ғылыми пікірлер мен баяндамалар қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, пікірталас алаңына айналды. Шоқанның мұрасы – өткеннің естелігі ғана емес, қазіргі ғылым мен руханияттың да бағыт-бағдары екені айқындалды. Іс-шара соңында қатысқан студенттерге Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіліп, жас ғалымдарға қолдау көрсетілді. Бұл дөңгелек үстел – рухани сабақтастықтың, ұлт тарихына деген құрметтің жарқын көрінісі болды.
Шоқан Уәлихановтың ғылымға деген адалдығы мен шындыққа ұмтылысы – бүгінгі ұрпақтың бойында да жаңғырып тұр. ҚӨУ студенттерінің бұл жетістігі – ұлы тұлғаның ізімен жүріп, білім мен ізденістің биігіне ұмтылған жастардың жеңісі. Шоқан есімі – қазақ руханиятының мәңгілік темірқазығы. Ғылымға деген құштарлық, туған елінің тарихына деген сүйіспеншілік пен адалдық – оның басты мұрасы. Бүгінгі жас зерттеушілер – сол мұраның жалғасы әрі рухани мұрагерлері.

Аружан АНИСОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ 3-курс студенті

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.