Қостанай өлкесі қаламгерлерінің шығармашылығын насихаттау және өңірдің әдеби мұрасын сақтау мақсатында Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жазушы Ақылбек Шаяхметтің 75 жылдық мерейтойына арналған әдеби-ағартушылық іс-шараларды облыс көлемінде өткізуге әдістемелік қолдау көрсетіп, үйлесімді ұйымдастырылуына ұйытқы болды.
Ақылбек Қожаұлын өңірімізде білмейтіндердің қатары сирек. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Махмұт Қашқари атындағы түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін халықаралық сыйлықтың, сондай-ақ Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, М.Х. Дулати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың және тәуелсіз «Алтын қалам» сыйлығының иегері, Қостанай облысының, Қостанай қаласының және Жітіқара ауданының Құрметті азаматы, ақын, жазушы, драматург, публицист, аудармашы.
Мерейтойлық бастамалардың басты мақсаты – көрнекті қаламгердің шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, туған өлкенің әдеби құндылықтарын дәріптеу, сонымен қатар жас ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттырып, оқырман қауымды ұлттық руханиятпен сабақтастыру. Жыл басынан бері өткізілген кездесулер, шығармашылық кештер, кітап көрмелері, жаңа басылымдардың тұсаукесерлері өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, қаламгер шығармашылығына деген қоғамдық ықыластың зор екенін көрсетті.
Мерейтойлық іс-шаралардың легі Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Әдеби десант» жобасы аясында бастау алды. Жоба өңірдің аудандық кітапханалары мен мәдениет ошақтарын қамтып, қаламгердің туған жерімен, оқырмандарымен және жастармен жүздесуіне мүмкіндік берді. Алғашқы әдеби кездесу Қарабалық аудандық орталық кітапханасында ұйымдастырылып, кітапхана оқырмандарының, мектеп және колледж студенттерінің, мәдениет қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының басын қосты. Кездесу барысында ақынның шығармалары талқыланып, өлеңдері оқылып, қаламгердің шығармашылық жолы туралы мазмұнды әңгіме өрбіді. Осындай тағылымды кездесулер кейін Науырзым ауданындағы Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектепте, Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде, Жітіқара қаласында жалғасын тауып, әр өңірдің тұрғындарын әдебиет пен өнер төңірегінде тоғыстырды.
Әдеби кездесулердің ерекшелігі – олардың автор шығармашылығын таныстырумен шектелмей, шынайы рухани сұхбат алаңына айналуында болды. Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, мәдениет саласының қызметкерлері оның сөзіне жазылған әндерді орындады. Қатысушылар қаламгердің өмір жолы, азаматтық ұстанымы, шығармаларының көркемдік ерекшеліктері мен ұлттық рухты дәріптеудегі орны туралы ой бөлісті. Аудан әкімдері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуы мерейтойлық кездесулердің қоғамдық маңызын арттыра түсті.
Ұлттық кітап күні аясында Л.Н. Толстой атындағы кітапханада өткен Ақылбек Шаяхметтің 13 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері мерейтойлық бағдарламаның маңызды оқиғаларының біріне айналды. Тұсаукесер барысында қаламгердің көпжылдық шығармашылық жолы жан-жақты сараланып, әдебиеттанушылар мен жазушылар оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін аса жоғары бағалады. Көптомдықтың жарық көруі қаламгер шығармашылығын жүйелеп, оның мол мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізудегі маңызды мәдени оқиға ретінде бағаланды.
Мерейтойлық іс-шаралардың ішіндегі айрықша маңызға ие оқиға – Қостанай облысы мәдениет басқармасының қолдауымен Астана қаласында ұйымдастырылған «Отан деп соққан жыр жүрек» атты республикалық шығармашылық кеш. Оған Парламент депутаттары, Қостанай облысының әкімі Қ.І. Ақсақалов, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар, жоғары оқу орындарының студенттері мен қалың әдебиетсүйер қауым қатысты. Кеш барысында Ақылбек Қожаұлының Қазақстан және түркі әлемі әдебиетіндегі орны айқындалып, оның шығармаларындағы елдік идея, туған жерге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рух кеңінен сөз болды.
Артынша, маусымның 19-ында Қостанай қаласындағы Жастар сарайында өткен «Туған жердің тарланы» тақырыбындағы шығармашылық кеш мерейтойлық бағдарламаның қорытынды рухани белесіне айналды. Облыс басшылығының, Қазақстанның белгілі ақын-жазушыларының, сондай-ақ Ресей, Әзербайжан және Қырғызстаннан келген қонақтардың қатысуымен өткен кеште ақынның шығармаларына жазылған әндер орындалып, театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Бұл кеш көрнекті қаламгердің шығармашылық мұрасына көрсетілген зор құрметтің жарқын көрінісі болды.
Өткізілген іс-шаралардың ажырамас бөлігі ретінде «Туған жердің тарланы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда жазушының көркем шығармалары, публицистикалық еңбектері, ғылыми зерттеулер мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары көптің назарына ұсынылды. Кітапханашылар оқырмандарды қаламгердің өмір жолымен, шығармашылық эволюциясымен және әдеби мұрасымен таныстырып, ұсынылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады.
Ақылбек Шаяхметтің 75 жылдық мерейтойына арналған әдеби-ағартушылық іс-шаралар өңір кітапханаларының мәдени-ағартушылық қызметіндегі маңызды жобалардың біріне айналды. Бұл бастама өлке әдебиетін кеңінен насихаттауға, жергілікті қаламгерлердің шығармашылық мұрасын дәріптеуге, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және әдеби құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізуге елеулі үлес қосты.
Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы алдағы уақытта да өңірдің көрнекті тұлғаларының шығармашылық мұрасын дәріптеуге бағытталған әдеби-ағартушылық жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, ұлттық мәдениет пен кітап оқу дәстүрін дамыту жолындағы жұмыстарын жалғастыра бермек.
Гүлшат ЗҰЛҚАРНАЕВА,
Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми
кітапханасы, кітапханаларды дамыту
бөлімінің әдіскері
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!