Шолақсай жалпы білім беретін мектебінде мектеп кітапханашысы Оразгүл Нұрланқызының ұйымдастыруымен мағыналы іс-шара өтті. Ақ жаулықты аналарымыз келіп, өз ойларымен бөлісті. Бұл кездесуден жастар мол рухани азық алды деп ойлаймын.
Шағын іс-шара болса да, үлкен тәрбиелік мәні зор кездесу болды. Жастардың «білсем екен» деген қызығушылықтары ерекше екені байқалды. Торғай жерінде туып-өскен Сапыгүл анамыз оқырманға өз өмірбаянын таныстырды. Сөз арасында Сапыгүл анамыз қазақ дәстүрінің ішінде қаймағы бұзылмаған салттың бірі – табақ тарту рәсімі туралы да айта кетті.
– Шолақсай жері – құтты жер ғой. Жайылымы мол. Егіні бітік шығады. Осындай елде тұрып жатқан отбасыларда құда күту, той-томалақ немесе қара жамылғаса да ет асатыны белгілі. Менде өз отбасымда қызыма, немерелеріме әр жіліктің, әр сүйектің өз реті, әр табақтың өз атауы болатынын айтып отырамын. Табақтарға ат қоюдың өзінде де үлкен мән, зор мағына бар екенінде түсіндіремін. Себебі үйімізден қонақ арылмайтын халықпыз ғой. Ауылдастарым арасындағы байланыс пен қарым-қатынасқа сай ас тартылғанын жақсы көремін. Басты жалғыз адам жемеген, олай жейтін болса, жеке қаламыз деп есептеген деп түсіндіріп, соғым сойғанда, барлық ел-жұртты шақырып, ақ батасын аламыз. Бірлікте де тірлікте де бірге болайық деп әр қуанышты көрші-көлеммен, ағайын-туыспен қарсы алғанда ұлттық қазыналарымызды дастархан төріне қойғызу да басты шарттарымның бірі, – деп анамыз сөзін қортындылады.
Ал ауылдастары арасында он саусағынан өнер тамған қазақ келіндерініӊ ғажап үлгісін көрсете білген Қарлыға Тайшығарақызы өз келіндері жайлы қызықты да тартымды әӊгіме өрбітті:
– Меніӊ келіндерімнің айырмашылығы да, ерекшелігі де – менің шаңырағымның келіні болғанында. Бұл мен үшінде келіндерімеде үлкен бақыт. Алла маӊдайыма жақсы жерге келін болуды бұйырғанына өзімді бақытты санаймын. Ал қазақтыӊ намысын ту ғып көтерген, ұлтыныӊ қамын жеген қазақ деген елдің бір баласының шаңырағына шаттық сыйлаған келіндерімді қатты сыйлаймын. Келін бола білу де – өнер. Келіндерім салт-дәстүрді қатты сақтайтын, үлкеннің жолын кеспейтін жандар. Әрине бұл жерде ананың да үлесі бар. Баланы қалай тәрбиеленсе, ол өскенде сол тәрбиені өз өмірінде қолдана алады. Келіннің табиғаты ешқашан бұзылмауы керек. Біз бұрын келін болып түскенде «сәлем» салатынбыз. Ол қайынағамыздың бетіне қарамау үшін, қайын апамыздан именіп тұру үшін, қайнымызға көңіл бөлмеу үшін. Қазір қазақтың салт-дәстүрін заманауи түрде жаңғыртуымыз керек. Келіндер баратын жеріне барсын, қатарынан қалмасын деп ойлаймын. Бірақ салт-дәстүрді де ұмытпауы шарт. Сол себептен келіндеріме қазақтың салт дәстүрін сыйлау керек екенін үнемі естеріне салып отырамын. Келіндерім де сөзімді екі етпейді. Бәрі де ананың сүтімен тәрбиеленген жандар ғой. Ең бастысы, ел сана, аманат үшін жасалған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазір мектептерде орындалып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Оқушылар осы бағдарлама аясында әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жөн-жоралғыны білуде. Өз ойым, дана ене болмасам да, дара келіндерді тәрбиелеу басты мақсатым деп ойлаймын. Ең бастысы, қаз қаз басқан қазақтың әр баласы салт-дәстүрді құрметтеп жаста, нұр үстіне нұр болары сөзсіз, – деді ол.
Асыл әжелердің, әйел-аналардың мәртебесін арттырып, отбасылық құндылықтарды, қазақтың салт-дәстүрін насихаттауды мақсат еткен ұлағатты анамыз Раиса Тажаякова апамыз да өз өмірінен естеліктер айтты. Қазақ аналарының ұлттық тәрбиедегі рөліне, елдік мүдде жолындағы елеулі еңбегінің мән-маңызына ерекше тоқталып, бүгінгі тағылымды шараға шақырылғанына мектептің кітапханашысы Оразгүл Айтековаға алығысын білдірді.
– Ана мен баланы қолдау, отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша өткізіліп жатқан Наурыз мерекесі қарасаңындағы бұл іс шараның ерекше мәні бар. Қазақта «Әке ұлды тәрбиелейді, ана тұтас ұлтты тәрбиелейді» деген қанатты сөз бар. Расында, ана баласына берген тәрбиесі арқылы болашақтың қалыптасуына ықпал етеді. Бүгін міне осындай іс-шараны ұйымдастырып, ауылымыздың дамуы мен өркендеуіне, қоғамдық-саяси және рухани әлеуетін іске асыруға белсенді атсалысып келе жатқан аналарымызға, барша қыз-келіншектерге шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Осындай іс-шара бүгінгі қатысып отырған жастарға көп өнеге берері сөзсіз. Біздің, әрине, айтарымыз көп. Бірақ әр нәрсені өз ісімізбен көрсетуге тырысқанымыз абзал. Ұлттық мереке қарасаңында өтіп жатқан бүл кездесуде мен өзімнің ұлтық салт-дәстүрді қалай отбасымда сақтайтынымды айтып өткім келеді, – дей келе, – Мен үш кемпір бір шалды баққан адаммын. Үлкеннің батасын алған адам алғысқа бөленетіні сөзсіз. Кемпір мен шалдың үйреткені бар, өзім қашанда дастарханымда ұлтттық тағамдардың болғанын қалаймын. Қысы-жазы дастарханда балқаймақ тұрады. Сары ірімшік пен сары маймен жасалған жент – менің немерелерімнің сүйікті асы. Бүрмеге май салуда жақсы өнер. Міне, ұлттық тағамдар қашанда дастарханның сәні ғой. Сол себепті ұлттық қазынамды қадірлеуден еш ерінбеймін, – деп ағынан жарылды анамыз.
Келесі болып сөз алған Бәтен анамыз:– Үш қыз, бір ұлым бар. Қыздар тұрмыс құрып кеткен. Қолдағы келініме өзімнің білгенімді айтып отырамын. Жаз айында бие сауып, қымыз ішкенді ұнатамыз. Артылып жатса, ауылдастарға беремін. Ұлттық тағамдарымыз біздің де шаңырақтан үзілмейді. Немерелеріме де айтып отырамын. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Салт-дәстүрлер халықтың наным-сенiміне, өмiрге деген көзқарасына байланысты, ұрпақтан-ұрпаққа берiлгенде өзгеріп немесе мүлде ұмытылып қалуда. Қазiр заман ағымына сай кейбiреулерi түрленiп қана қоймай, жаңадан енiп те жатыр. Осы орайда, мен ұмыт бола бастаған, қолданыстан шығып қалған дәстүрлердің кейбіреуін еске салып мына балаларға айта кетсем, – деп сөзін жалғады. – Ертеде ерулікті көп жасайтынбыз. Ауыл ортасына жаңа үй кешіп келсе, коныстанса, сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтiк, қоғамдық мәнi де бар. Қазір бұл салт ұмытылып барады. Сондықтан осындай бас қосуда өзіміздің ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрімізді жастарға айта жүргеніміз жөн.
Иә, салт-дәстүр – ұлттық рухтың тайқазаны екені шындық. Қаз-қаз басқан қазақтың әр баласы ұлттық рухта тәрбиеленіп,өз елінің салт дәстүрін ұмытпасын десек, отбасы ошақ қасынан үйреткеніміз жөн. Кездесу соңында директордың тәрбие ісі меңгершісі Карбаева Гүлжанат пен кітапханашы Оразгүл нұрланықы шағын сыйлықтарын анамызға ұсынды. Мектеп оқушылары өздерін толғандырған сұрақтарды да қойды. домбыра тартылып әнде айтылды. Иә, анларымыз аман болып, қаз-қаз басқан қазақтың әр баласы ұлттық рухтан нәр алып, салт-дәстүрді ұмытпағай.
Жұмабике НҰРСЕИТОВА,
Шолақсай ЖББМ директоры,
Науырзым ауданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.