Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы дәстүр бойынша жыл сайын қазақ және орыс тілдерінде шығарылатын «Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбегі» ақпараттық-анықтамалығын дайындап шығарды.
.jpg)
Басылымға өлкеміздің атаулы тарихи оқиғалары мен атақты адамдардың мерейтойлары жайында ақпарат енгізілген. Сондай-ақ облысымыздың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік дамуына ат салысып жатқан мекемелер мен ұйымдардың да даталық күндерін табуға болады.
Бұл көрсеткіштен көпшілікке танымал көптеген белгілі қайраткерлердің өмірі мен атқарған қызметтері жайлы мәліметтер табуға болады. Атап айтсақ, жазушы, драматург Бейімбет Майлин (130 жыл), Қазақ КСР халық әртісі Елубай Өмірзақов (125 жыл), ақын Жолбарыс Баязид (90 жыл), тарихшы, ғалым, жазушы Қойшығара Салғарин (85 жыл), ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Владимир Рыдченко (85 жыл), тарих ғылымдарының докторы, профессор, журналист Сағымбай Қозыбаев (80 жыл), ақын, журналист Нағашыбай Мұқатов (75 жыл), қоғам қайраткері Валерий Вишниченко (75 жыл), белгілі қаламгер, журналист, әдебиет сыншысы Жанұзақ Аязбеков (70 жыл) және т.б.
Сонымен қатар келесідей мекемелер мен ұйымдар өздерінің мерейтойларын атап өтеді: Қостанай қаласы: Ново-Николаевск елді мекенінің, қазіргі Қостанай қаласының негізі қаланды (145 жыл), Қостанай облысындағы кітапхана ісінің пайда болуы (130 жыл), Қостанай әуежайы (95 жыл), «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК (95 жыл), Н.Островский атындағы қалалық кітапхана (85 жыл), Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы (80 жыл), Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханаға Л.Н. Толстой есімі берілді (75 жыл), «Баян Сұлу» АҚ (50 жыл), «КН» радиосы: (25 жыл), «Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі (25 жыл), «Костанай-Агро» газеті (15 жыл) және т.б.
Библиографиялық анықтама және әдебиет тізімі қоса берілген мерейтой-лық күндері (*) белгімен белгіленген.
Күнтізбеде белгілі қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, ақын-жазушы-лардың, өнер қайраткерлерінің, Кеңес Одағы Батырларының, Социалистік Еңбек Ерлерінің мерейтойлық даталары көрсетілген.
Кітаптар мен мерзімді басылымдардағы мақалалар жеке-жеке ұсынылып, әліпбилік ретпен орналастырылған. Тізімдерде соңғы жылдары келіп түскен, сондай-ақ күнтізбенің алдыңғы шығарылымдарында көрсетілмеген әдебиеттер ұсынылған.
Құралды құрастырушылар мерейтойлық күндер мен оқиғалардың және материалдардың толықтығына талас тудырмайды. Күнтізбенің мерейтойлық күндері мен оқиғаларының тізімі Қостанай Л.Н. Толстой атындағы ОӘҒК кітап қоры негізінде жасалған.
Басылым негізінен студенттер мен оқытушыларға, ұстаздар мен оқушыларға, мекеме қызметкерлеріне, кітапханашыларға және туған өлкеміздің тарихын танып-білгісі келген оқырмандарға арналған.
«2024 жылға берілген Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбегі» басылымын https://www.kstounb.kz/kz/pub кітапхана сайтынан алуға болады.
Гүлмира ТӘТЕНОВА,
Л.Н. Толстой атындағы
облыстық әмбебап ғылыми
кітапхананың ақпараттық-
библиографиялық қамтамасыз
ету бөлімінің меңгеруші м.а.,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.