Қырлы тиек, қос ішекті аспап

Выпуск - №36(432)   :   14.09.2020
336

Еңбек ауылының негізгі мектебінде менің жетекшілігімдегі домбыра үйірмесі 23 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның ашылу тарихы сол жылы Қостанай ауданы, Еңбек ауылына көшіп келуімнен басталды.

Жалпы өзімнің негізгі мамандығым – мәдениет саласы. Домбыра аспабында бала кезімнен ойнай бастадым. Әкем Мереке Қазиханов он бала тәрбиелеп, қазақтың қасиетті қара домбырасын насихаттап, сол жылдар қиын, жоқшылық кезең болса да, он балаға он домбыра сатып алды. Сөйтіп қазақтың киелі аспабында ойнауды әкеміздің жетекшілігімен үйреніп алдық. Ауылға көшіп келген 1997 жылы Еңбек ауылының негізгі мектебінде (бұрынғы Давыденовка ОМ) музыка пәнінен сабақ беріп, сол уақыттан бастап балаларға домбыра үйірмесін ашып, тегін үйрете бастадым.

Содан бергі уақыт ішінде көптеген шәкірт тәрбиелеп, түрлі концерттерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрдік. Бүгінде 22 оқушы домбыраның құлағында еркін ойнайды, ал жаңадан үйреніп келе жатқан 13 шәкіртім бар, яғни үйірмеге барлығы 35 бала қатысып жүр. Аудан деңгейінде өткізілетін түрлі мерекелік іс-шараларға қатысамыз. Көптеген түлектерім биіктерден көрініп жүргендігін де айта кеткен жөн. Атап айтқанда Дінмұхамбет Жүнісов мектеп қабырғасын тәмәмдаған соң Астана қаласында өткен домбырашылар сайысына қатысып, бас жүлдеге ие болды. Қазір Рудный қаласында музыкалық мектепте оқып жүр. Ағалы-інілі Әділет пен Нұрдәулет Кәкімжанов, апалы-сіңілі Аружан мен Жанерке Жоламан облыс орталығы Қостанай қаласындағы қосымша домбыра үйірмелеріне қатысып, ары қарай өнерлерін дамытып жүр. Республикалық сырттай байқауларға да қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

Мектептегі барлық концерттер осы домбырашылар ансамблімен ашылады. Домбырашылар тобымыздың атауы 1997 жылдан «Ақ ниет», ал 2015 жылдан бастап «Гүлдер-ай» деп өзгертілді. Репертуарымызда Абайдың, Дәулеткерейдің, Құрманғазының, Динаның, Жұбановтың, Тастановтың және басқа да танымал композиторлардың күйлерін орындап жүрдік. 2017 жылдан бастап «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында репертуарымызға халық әндері қосылды. Ансамблдің жеке орындаушылары – Дильназ Досанова мен Айым Жоламанова. Біздің өнеріміз әлеуметтік желілерге де шығып тұрады. 2-сынып оқушысы Нұрдәулет Кәкімжанов жоғарыда аталған бағдарлама аясында сырттай өткізілген «Үкілі домбыра» сайысына қатысып, 1-орынға ие болды. Мектеп ұстаздарымен де шағын домбырашылар ансамблін құрдым. Ұйымдастырылатын барлық мерекелік іс-шараларға қатысып тұрамыз. Ең қуантатыны – әкем бойыма сіңірген ұлттық құндылығымызды жас ұрпаққа насихаттап жүргендігім. Алдағы уақытта осынау ұлы жолда «қанатымен су сепкен қарлығаштай» үлесімді қоса бермекпін.

Гүлфира АРСТАНБЕКОВА,
Еңбек ауылының НМ
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай ауданы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.