Наурызнама онкүндігі аясында Мәдениет және салт-дәстүр күні халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрі насихатталды. Мемлекеттік тілдегі кітапханның ұйымдастыруымен «Орбита» мәдениет орталығында «Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Ұлыстың ұлы күні жалпы ұлттық Наурызнама онкүндігі аясында тойлануда. Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі – салт-дәстүрі. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрге ерекше қарап, әрбірін керек жерінде орындап, сақтап отырған. Халқымыздың мәдени бай мұрасын ұлықтап, болашақ ұрпаққа жеткізу – басты мақсатымыз. Салт-дәстүр мен мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатындағы Наурыз мерекесіне қала тұрғындары мен А.Байтұрсынұлы атындағы мектептің 8-сынып оқушылары және ұстаздары қатысты. Игілікке толы іс-шараны «Кездесу» клубының мүшелерімен бірге кітапхана ұжымы қазақтың салт-дәстүрлері: «Жиенқұрық», «Шаш өру» салт-дәстүрілері сахналық қойылым арқылы көрсеті.
«Қыз-жігіт» айтысы және «Қол күрес», «Сақина салу» ойындары арқылы оқушыларымыз біліктіліктерін көрсетіп, мерекеге байланысты викториналық сұрақтар қойып, өзара ой бөлісті. Ән айтылып, күмбірлеген күй ойнап, аталар батасын беріп, шашу шашылып, наурыз көже ұсынылды. Сондықтан, ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуы тиіс. Осылайша, өзіміздің ұлттық мүдделерімізді жас жеткіншектер арасында ұлықтап тұрсақ, қазақтың салт-дәстүрі ешқашан ұмыт болып қалмасы анық.
Гүлбараш УАЛИЕВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхана меңгерушісі,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.