Ақ кимешегімен алыстан Алатаудай көрінетін ақ жаулықты әжелерімізде кешегі ата-бабаларымыздан қалған мұра бар. Ол – ұлттың салт-дәстүріне тамызық болар тәлімге толы. Мұны Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда өткен «Әже мен немере» байқауында көрдік.
«Қарқара жаулық, кимешек, жырға өзек болған, күйге сеп» деп ақындарымыз жырлағандай, кимешегін кірлетпей, көңіліне кір шалдырмай жүрген ақ самайлы аналарымыз жуырда өнер бәсекесіне түсті. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 7-сыныптардың ұйымдастыруымен өрнек тапқан «Әже мен немере» байқауы қызықты өтті. Баласын қанаттандырып, немере мен шөбересін баулып отырған гимназиямыздың белсенді әжелері тағылымға толы доданың көрігін қыздырып, төрт кезең бойынша жүйрікті анықтады.
Аталған іс-шараның басында гимназияның директоры Зайнуллин Мурат Рауилевич сөз алып, руханияттың өрінде, өнегелі өміріміздің төрінде тұрған аналардың қоғамдағы орнын, парқы мен нарқын салмақтап, барша анаға сәттілік тіледі. Жарыс шарты бойынша өзін таныстырып, өнерін, қолөнер туындысын көрсеткен әжелер, өз кезегінде тыйым сөздер бойынша қойылған сауалдарға жауап берді. Өткеніміздің өнегесін дәріптеп, бойдағы мейірімділік пен ізгілік қасиеттерін сайыс арқылы көрерменге дарыту мақсатында қолға алынған бұл додада 5-сыныптар бір кісідей төбе көрсетті, сынға түсті.
Жарыс барысында Қаутаева Жанат апамыз немересі Кәусармен әуелете ән шырқап, қалың көрерменнің қошеметіне бөленді. Абдуахитова Гулжан анамыз ұлы Мәдимен сұрақтарға ұтымды жауап беріп, тапқырлығымен ерекше көзге түсті. Қолөнер шебері Байзакова Ғалия әжеміз қазақы құндылықты насихаттауға бағытталған заманауи үлгідегі коллекциясын ұсынды. Немересі Адиля ою ойып, әжесінің қолғанаты болды. Өзгеден ерек биязы қалпымен, қазақы салтымен Дюсенова Луна әжеміз дараланса, немересі Айбибі домбырамен күмбірлете күй шертті.
Тағы бір қатысушыларымыз – 5 «В» сыныбының үмітін арқалаған Тулебаева Сабина әжесі Қабдоллина Тамарамен сайысымыздың ең ерекше жұбы деп танылды. Жарыс талаптарына сай марапатқа ие болған жүлдегерлерден бөлек байқауда белсенділік танытқан әжелер ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Нұрдана ТҰРЫСБЕК,
Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 7 «Б»
сыныбының жетекшісі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.