Отбасы – жылылық пен мейірімнің, тәлім мен тәрбиенің алтын бесігі. Әр жанұяның құндылығын насихаттап, берекелі отбасыларды анықтауға бағытталған «Мерейлі отбасы» байқауы биыл да дәстүрлі жалғасын тапты.
Отбасы дегеніміз – әр адамның жылылық пен мейірімге толы киелі бесігі, қасиетті шаңырағы. Отбасы құндылығы қай заманда да, қай елде де мемлекет саясатының темірқазығы, ардақ тұтар қазынасы. Қоғамдағы әр отбасының босағасының беріктігі – мемлекет іргетасының мығым әрі кемелдігінің кепілі. Қазақ халқы қашанда отбасын қасиетті құрылым ретінде қабылдап, оған зор маңыз беріп, мәнін қорғаған. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөздер отбасындағы ұрпақ тәрбиесінің маңызын айқындайды.
Берекелі отбасы – мықты мемлекеттің іргетасы. Отбасы беріктігін алдыңғы орынға қойып, жанұяның құндылығын насихаттайтын «Мерейлі отбасы» байқауы 2013 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Алдымен, қалалық іріктеу кезеңінен өтіп, облысқа жолдама алады. Биыл да «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қаламыз бойынша 5 отбасы өз өтініштерін берген. Қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күніне орай, байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары Байтұрсыновтар отбасымен кездесу өтті.
Отағасы – Даулеткерей Бакытжанович, Арқалық қаласы ішкі істер басқармасының көші-қон және құжаттандыру бөлімінің аға инспекторы, капитан. Отанасы – Гаухар Шакиевна, әлеуметтік қамтамасыз ету орталығының маманы, экономист. Қазіргі уақытта бала күтіміне байланысты үйде отырған ана. Олар отбасында 4 бала тәрбиелеп отырған жас отбасы. Балалары спорттық және шығармашылық ән байқауларының жүлдегерлері. Жалпы, Байтұрсыновтар отбасы қалалық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары.
«Отан – ортақ үйіміз» деп қарайтын болсақ, ортақ үйіміздің шаңырағын шайқалтпай, уығын тіктеп, керегесін кеңейтіп, береке-бірлікті ұйыта ұстау – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Кездесу барысында кеш қонақтарына отбасы тәрбиесі мен отбасылық жетістіктеріне байланысты түрлі сұрақтар қойылып, олар өз отбасыларының қызықты әрі ерекше оқиғаларымен, керемет естеліктерімен бөліскен еді. Кездесу аясында орталығымыздың педагогі Рүстем Алпамысұлы ән айтып, өз өнерімен бөлісті.
Іс-шара өте қызықты әрі тағылымға толы болды. Тағылымға толы іс-шараның соңында келген қонақтарымызға орталығымыздың атынан Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді. Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Ендеше, әрбір жанұя мерейлі, мәртебесі биік болса, қазақ елінің де абыройы асқақ болары анық.
Инабат ЖӘМЕЛОВА,
«Жанұя» клубының жетекшісі,
Арқалық қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.