Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы қаламыздағы Жастар сарайында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – рухани қазына» салтанатты іс-шарасын өткізді.
Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырлылған мектептің ұлағатты ұстаздары
Мерекелік шараға облыстық мәслихат депутаттары, қоғам және шығармашылық қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еңбек ардагерлері, мәдениет, білім беру және тілдерді дамыту саласының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Іс-шара барысында «Тіл – рухани қазына» премиясының жеңімпаздары марапатталды. Марапаттау рәсімін Ахмет Байтұрсынұлы, Ыбырай Алтынсарин, Міржақып Дұлатұлы, Мәриям Хәкімжанова, Мұхамеджан Сералин бейнесіндегі І.Омаров атындағы Қазақ драма театрының әртістері және белсенді қоғам өкілдері өткізді.
БАҚ өкілдері марапат биігінен табылып, Ерлан Қалмақовтың қолынан марапатталды
– Тіл мен өнерді, мәдениетті қатар ұштастырып келеміз. Бүгінде облыста 20 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Өңіріміздің түкпір-түкпірінде Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы аясында көптеген іс-шаралар мен байқаулар ұйымдастырылуда. Бүгін сол бірқатар байқаулардың жеңімпаздарын марапаттамақпыз. Олардың қатарында үш тілді жетік меңгерген жастарымыз да бар. Осындай өз ісінің кәсіби шеберлері тұрғанда біздің тіліміздің тұғыры биік болуы тиіс, – деп атап өтті Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
«Ана тілім ардағым» номинациясы бойынша ана тілі мен мәдениетінің сақталуы мен дамуына және этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығындағы татар тілінің оқытушысы Р.Бектемиров және башқұрт тілінің оқытушысы Ф.Дик дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. «Ахмет ізбасарлары» номинациясы бойынша өскелең ұрпаққа сапалы білім бергені және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындағаны үшін Қарабалық ауданы білім бөлімінің М.Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Бисенов, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Мағзұм ІІ дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Нұғыманов және М.Ермағамбетова І дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
– Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған шара жоғары деңгейде өтті. Әрине, тіл мәртебесі – ел мәртебесі екені белгілі. Сондықтан әрбір көзі ашық, көкірегі ояу азамат тіл мәртебесін көтеру ісіне атсалысып жатқанына қуаныштымын. Облыстық мәдениет басқармасына алғысымды айтқым келеді. Алдағы уақытта да тіліміздің мәртебесі, тұғыры биік болады деп сенемін және бұл істе тіл маманы ретінде бар күшімізді саламыз. Бүгінгі марапатымызды, әрине, көп жылғы еңбектің нәтижесі ретінде бағалауға болады. Ол енді ұстаздардың ғана емес, оқушылардың да еңбегі, – дейді Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ағыбай Нұғыманов.
Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру және азаматтарға тілдерді оқытуды үздік ұйымдастырғаны және тілдерді оқыту орталықтарының оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын нығайту үшін «Тіл – рухани қазына» номинациясы бойынша Қарабалық ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы ІІІ дәрежелі диплом және ақшалай сыйлық, Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы ІІ дәрежелі диплом және ақшалай сыйлық, Меңдіқара ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы І дәрежелі диплом және ақшалай сыйлық табысталды. Сонымен қатар, «Қанатты қалам» номинациясы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатын белсенді насихаттағаны үшін ақшалай сертификат және ІІ дәрежелі дипломмен «Рудненский рабочий» газетінің тілшісі Е.Воронина, облыстық «Qostanai» телеарнасының тілшісі А.Шайкенов марапатталды. «Алау» ТВ» ЖШС қазақ редакциясының жауапты редакторы М.Бұлтаева мен «Қостанай таңы» газетінің аға редакторы Ә.Ибраев І дәрежелі диплом және ақшалай сертификатқа ие болды.
«Тіл және сана» номинациясы бойынша мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру және халық арасында жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалы дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Мерекелік жиында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2022» және «Тіл шебері» облыстық байқауыларының жеңімпаздарына да марапаттар табысталды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары Рудный қаласындағы Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының директоры Қ.Бірманова, Қостанай қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Мадиярова, «Астана» телеарнасы Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі З.Санай, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы Д.Қадырова, Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Асанова табысталды.
Диана ҚАДЫРОВА,
Қостанай облысы әкімдігінің
тілдерді дамыту басқармасының
бас маманы,
Жамал ШАУКЕН
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.