Өнермен ұйыған шаңырақтар

Выпуск - №10(658)   :   14.03.2025
787

1

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияда «Құндылықтар – тәрбие негізі» тақырыбындағы тәрбие онкүндігінің жоспары бойынша 2, 3-сынып оқушылары отбасыларымен қатысқан «Отбасылық таланттар» өнер байқауы өтті.

Байқауға қатысқан 8 отбасы да өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, әр отбасы өз талантымен ерекшелене білді. Мұнда бәсекелестіктен гөрі бірлік пен ынтымақтастыққа баса назар аударылды. Отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетіп қана қоймай, шығармашылық әлеуетін дамытып, бірге уақыт өткізудің маңыздылығын көрсетті.

2


Әр отбасы бірлесе ән шырқап, би билеп, сахналық қойылымдар қойып, көрермендерді тәнті етті. Байқауды әділ бағалау үшін қазылар алқасы құрамына мектептен тыс мекемелерден арнайы мамандар шақырылды. Атап айтқанда, Арқалық қалалық мәдениет сарайының музыка жетекшісі Елугул Абдикаримова, Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Дана Хабибуллина, Қосымша білім беру орталығының ұйымдастырушы-сы Инабат Жәмелова байқауға әділ бағаларын берді.
Байқау қорытындысы бойынша әр сыныптан қатысқан отбасылар түрлі номинациялармен марапатталды: «Креативті отбасы», «Шығармашыл отбасы», «Ең жас өнерлі отбасы», «Жаңашыл отбасы», «Жезтаңдай әншілер», «Ізденімпаз отбасы», «Көрермен көзайымы». Ал, ерекше өнер көрсеткен отбасыға «Ең үздік өнерлі отбасы» номинациясы беріліп, арнайы кубок табыс етілді. Бұл мәртебелі марапат 2 «Б» сыныбынан қатысқан Сәндібековтер отбасына бұйырды. Әке мен екі қызы үнді биін билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
«Отбасылық таланттар» байқауы отбасы мүшелерінің шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар олардың өзара қолдау көрсетуінің, ынтымағы мен бірлігінің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Барлық қатысушыларға шексіз алғыс білдіре отырып, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында осындай іс-шаралардың маңызы зор екенін ерекше атап өтеміз.

Гаухар БЕКТЕНОВА,
А.Құнанбаев атындағы
мектеп-гимназияның
«Отбасы» клубының жетекшісі,
Нурсая МЫРЗАҒАЛИЕВА,
«Өміртал» үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.