Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай Арқалық қаласындағы қосымша білім беру орталығында қаланың мектеп мұғалімдері арасында «Қазақтың келіндері-ай» тақырыбында келіндер сайысы өтті.

Жыл өткен сайын шуақты көктемнің мерекесі – Наурыз мейрамы – елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мейрамы Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.
Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған сайыста шаңырағының көркін келтіріп, жан-жақтылығымен танылып жүрген келіндер қатысып, бағын сынады. Қазақ келіні қай кезден де отбасының берекесін келтіп, татулығын бекемдей білген. Алғашқы таныстыру кезеңінде келіндер өздерінің шыққан тегі мен келін болып түскен шаңырағы жайлы мағлұмат беріп, таныстырып өтсе, келесі өнер сайысында бар өнерлерін ортаға салды. Қазақы дастарханын жайнатып, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға асқан шеберлікпен әрі мүдірместен жауап берді.
Тартысты өткен сайыс барысында қатысушыларға арнайы құрылған қазылар алқасы төрелік етті. Олардың қатарында «Аналар кеңесінің» төрайымы Бақытжамал Қалтаева, орталығымыздың әдіскері Күлдір Изтлеуова болды. Жан-жақты дайындығымен келген келіндер сайыста өздерінің ерекшеліктерімен танылып, көптің көңілінен шықты. Сұлу келіндеріміз бақ сынаған сайыс нәтижесінде І орынды Айдана Түгел (№10 ЖББМ), ІІ орынды Ақжарқын Бердешева («Ақбота» балабақшасы), ал ІІІ орынды Әйгерім Арғанбай (№4 ЖББМ).

Одан бөлек «Өнерлі келін» аталымымен Анар Гиссина (Ы.Алтынсарин атаындағы гимназия), ал «Ісмер келін» аталымымен Айдана Тұяқ (Родина ЖББМ) марапатталды. Жеңімпаздарға орталық мадақтамасы мен естелік сыйлықтары табыс етілді. Алдағы уақытта осы сынды сайыстар өз жалғасын таба бермек.
Инабат ЖӘМЕЛОВА,
Қосымша білім беру орталығы
«Жеті қазына» үйірмесі,
Арқалық қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.