Поэзияға жаны құмар шәкірттер

Выпуск - №4(552)   :   27.01.2023
594

Республикалық Ілияс Жансүгіров пен Мұқағали Мақатаев оқуларының қалалық кезеңі Би-аға мектеп-гимназиясының базасында өтті. Қаламыздың қазақ мектептерінен аталмыш байқауға 16 оқушы қатысты.

Байқауға қатысушылардың дайындық барысына, жаттаған шығармаларын аудиторияға ұсынуына әділ бағасын қалалық білім бөлімінің әдіскері Аккужина Гульнара Шабденовна, Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, қалалық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің бірлестік жетекшісі Байкенова Галия Кайрбековна, сонымен бірге №4 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, қалалық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің бірлестік жетекшісі Досжанова Сауле Сейтмагамбетовна төрелік жасады. Төрешілердің нәтижесі бойынша әр номинация бойынша қатысушыларға әділ орындар бөлініп, арнаулы аталымдар да қарастырылды.

Би-аға атындағы білім беру ошағынан «Ағынды менің Ақсуым» атты номинацияда Жолдасбек Анарбеков І орынды, «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясында Ербол Мамат ІІ орынды иеленді, «Ілияс – эпик ақын» номинациясында Әсет Тұрды, «Сұлу сөздің сүлейі» атты номинациядан Мейіржан Сәрсенбаев, «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясында Жаннұр Парахатова, ал «Жыр эстафетасы» номинациясында Бақытбек Мұратбай арнаулы аталымдарға ие болды. Облысқа жолдама алған Жолдасбекке сәттілік тілейміз.


Асемгуль АБУТАЛИПОВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназия
директорының дарынды
балалармен жұмысы
бойынша орынбасары,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.