Қостанай қаласында ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған IV республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Байқау ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылып, Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада өтті. Оған облыстың әр өңірінен 5–8-сыныптың 17 оқушысы қатысты. Олар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, көркем сөз оқу шеберлігін, сахна мәдениетін және шығарманы әсерлі жеткізу қабілеттерін көрсетті.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақ бойына Шәкәрім шығармаларындағы ізгілік, адамгершілік, әділеттілік сияқты биік құндылықтарды сіңіру және ұлттық әдебиетті кеңінен насихаттау. Байқау барысында қатысушылардың өнерін Қостанай облысының жазушылары, кітапханашылары мен ұстаздарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасы мәтінді жатқа оқу деңгейіне, интонация мен сөздің анық айтылуына, сахнадағы өзін ұстау мәдениетіне ерекше назар аударды.
Қатысушылар Ш.Құдайбердіұлының ғибратқа толы 20 өлеңінен үзінділерді жатқа орындады. Сонымен қатар ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдерін көрсетті. Нәтижесінде жүлделі І орынды Жангелді ауданындағы Амангелді атындағы ЖББМ 6-сынып оқушысы Бақтылы Жақсылық, ІІ орынды Арқалық қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖББМ 6-сынып оқушысы Гүлбазар Төлеуова иеленсе, жүлделі ІІІ орын Амангелді ауданындағы Жасбуын ОМ 5-сынып оқушысы Маржан Аязбайға бұйырды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, жас дарындарды дайындаған ұстаздарға ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хат берілді. Облыстық кезеңнің жеңімпазы республикалық байқаудың финалына жолдама алып, өңірдің намысын қорғайтын болады. Байқаудың шешуші кезеңі сәуірдің 21-і күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында өтеді. Осындай тағылымды іс-шаралар жас буынның рухани дүниесін байытып, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Гүлнәз ӨМІРЗАҚ,
Аружан ҚОНАҚБАЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
4-курс студенттері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.