Шынайы тағдырдан туған туынды

Выпуск - №19(667)   :   23.05.2025
403

2

Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі қаржыгер, ҚР Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі Колан Амановтың «Бремя страха» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Тағдыр сынынан жасымай өткен қайсар мінез, адами рух пен терең пайымға толы ғұмыр – бұл кітаптың негізі. «Бремя страха» – тек мемуар емес, ол – адам бойындағы қорқынышты жеңу, өмірге деген құштарлық және өз-өзіңмен күрес тарихы. Іс-шараның өтуіне жазушының қызы Жанат Бердалина мұрындық болды. Ол кеш барысында әкесіне деген сағынышы, жүрекжарды естеліктерімен бөлісіп, көрерменді тебірентті. Жиналған қауым үшін бұл – тек тұсаукесер емес, шынайы рухани жүздесу болды.

1


Осы кешке шығармашылық қауым өкілдері, мәдениет және өнер қызметкерлері, ардақты ұстаздар, студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты. Қонақтар ашық пікір айтып, жылы лебіздерін білдіріп, ортақ естеліктерімен бөлісті. «Бос микрофон» форматы тұсаукесерге бейресми, еркін атмосфера сыйлады. Шынайы сезімге толы кеш көпшілікті терең ойға жетелеп, қаламгердің тұлғасын жаңа бір қырынан ашты. Бұл – тек кітаптың тұсаукесері ғана емес, адам жанының тарихымен қауышу сәті болды.

3

Гүлім БАТЫР,
Әділет НҰРАБАЕВ

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.