Сөзі – жыр, ісі – өнер, көңілі – көл ақын

Выпуск - №14(662)   :   11.04.2025
276

Әр дәуірдің өз ардақтылары болады. Халықтың жүрегінен орын алған сондай саңлақтардың бірі – ақын, ғалым, ұстаз, ағаштан түйін түйген шебер, «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға – Серікбай Оспанов. Биыл ел құрмет тұтқан абыз ағамыздың 80 жылдық мерейтойы.

IMG-6797

Ақынның мерейтойына орай Л.Н. Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың Өлкетану әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен «Туған жердің бір тұлғасы» атты тағылымды әдеби кеш өтті. Жыр мен сырға толы бұл кеш – шығармашылық иесінің рухани әлеміне терең бойлап, жүрек үнін тыңдауға арналған әсерлі әрі мән-мағынаға толы жиын еді.

image

Мерейтой иесі Серікбай Оспанов пен өмірлік жары және әдеби-сазды кештің ұйымдастырушылары

Кешке Серікбай ағаның замандастары мен сырлас достары, қаламдас әріптестері, шәкірттері, өңіріміздің зиялы қауым өкілдері және филология мамандығының студенттері қатысты. Олардың әрқайсысы ақынға деген өз ілтипатын, ыстық ықыласын жүрек түбінен толғай жеткізді. Ақынның өзі атап өткендей, бұл – шын мәнінде «бауырластық кеші» болды. Жиналған қауым естеліктерімен бөлісіп қана қоймай, оның өлеңдерінен рух алып, шығармашылығының шуағына шомылды.
Замандастары мен шәкірттері Серікбай ағаның шығармашылығымен қатар адами болмысына да ерекше тоқталды. Олар ақынның ақкөңілділігі мен адамгершілігін жоғары бағалайтынын атап өтсе, ғалым Қалқаман Жақып кеш иесінің ыбырайтанушы ретіндегі орнына ерекше мән берді.
– Секеңнің «Абай жолындай» «Ыбырай жолын» жазуы – үлкен еңбек. «Ыбырай жолы» дегеніңіз – ағартушының өмірі мен шығармашылығының, бүкіл болмысының энциклопедиясы. Кеңес үкіметі кезінде ол кісіге марксистік-лениндік тұрғыда баға берілді, көп нәрсе жасырылды, қысқартылды, болмаған нәрсе болды деп көрсетілді. Секең соның барлығының қыр-сырын, анық-қанығын ашып берді. Ахмет Байтұрсынұлының энциклопедиясын мен жақсы білемін. Оны бүтіндей бір академия жазған. Ал «Ыбырай жолын» Секең жалғыз өзі жазып, сіздер мен біздерге өте құнды, баға жетпес дүниені қалдырып отыр, – деді Қалқаман Хасенұлы.

image

Ақын Нұрқанат Құлабаевтың Серікбай Оспановқа арнауын оқып тұрған сәт

Өнегелі кеш барысында Серікбай ағаның сөз өнеріндегі сара жолын жалғап, жыр эстафетасын абыроймен алып жүрген қаламгерлер – Нұрқанат Құлабаев пен Абылай Мауданов ағаларына деген шынайы құрметін жүректен шыққан жыр жолдарымен жеткізді. Кітапхана жанынан құрылған «Ақ қауырсын» жас ақындар үйірмесінің шәкірттері Мәдина Сапар мен Гүлдана Қайыржан Серікбай ағаның әсерлі өлеңдерін мәнерлеп оқып, кешке терең мазмұн қосты.
Ақынның қаламынан туған жырлар ғана емес, жүрегінен төгілген әндер де жұрттың жадында. 300-ден астам ән мәтінінің авторы Серікбай Оспанов – қазақ эстрадасының өркендеуіне де өзіндік үлес қосқан қаламгер. Кеште оның әні мен сөзіне жазылған «Тобыл ағады» әнін Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармония әртісі Манатбек Қадыров домбырамен тамылжыта шырқап берді.

image

Әнші Оразбек Ғалымов

Серікбай ағаның сөзіне жазылған басқа да әндерді өнер иесі, ақынның жерлесі Оразбек Ғалымов нақышына келтіріп, ерекше тебіреніспен орындады. Әсіресе көпшілікке жақсы таныс «Сағындым Алматымды» (әні: А.Қоразбаев), «Аққу ұшып барады» (әні: А.Сейтқасымов), «Бес саусақ» (әні: Қ.Деріпсалдин) әндері ақын жырларының шынайылығын тағы бір мәрте дәлелдесе, күміс көмей әнші Қанат Ражановтың орындауындағы «Ауылды аңсау» (әні: Е.Хасанғалиев) әні жиналғандарды ауылға сапар шеккізді. Ал Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашылары кіреберісте арнайы ұйымдастырған кітап көрмесінде ақынның марапаттары мен бірталай кітаптары көрнекті орын алды. Олар – ұзақ жылғы ізденіс пен қажырлы еңбектің көрінісі.

image

Ақынның шығармалары мен марапаттары қойылған кітап көрмесі

Серікбай Оспанов – қазақ руханиятының қайраткері. Оның өмір жолы мен шығармашылығы – адал еңбек пен азаматтық парасаттың үлгісі. Ақынның 80 жылдық мерейтойына арналған осы бір қайталанбас әдеби-сазды кеш – соның бір айғағы болса керек. Бұл – құрметтің ғана емес, тағзым мен тағылымның, жалғасқан өмір мен ұрпақтар сабақтастығының белгісі. Осындай жандар барда – ұлттың рухы биік, сөзінің қадірі асқақ. Кеш соңында ортақ суретке түсіп, қоштасарда Серікбай аға маған жай ғана: «Бақыттың анасы – еңбек», – деді. Бұл – артық сөзсіз-ақ көп нәрсені ұқтыратын, өмірден түйгенін бір ауыз сөзге сыйдырған нағыз ұстазға ғана тән өнегелі ой еді. Сол бір қарапайым сөздің ар жағында тұтас бір тағдыр, ұстаным, өмірлік философия жатқандай.

Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4