Тәрбиенің қайнар көзі – театр

Выпуск - №8(605)   :   01.03.2024
1853
5-2

Қоғамды адамгершілік пен рухани құндылыққа бастайтын бірден-бір жол – театр екені сөзсіз. Ол әдеби шығарманы сахналық қозғалыспен, яғни, өзіне ғана тән театрлық бояумен жаңа күйге енгізіп, ондағы өзара қарым-қатынастарды тірілтеді.

Театр – шын мәнінде өмір айнасы. Яғни, театрда өнер адамдары өмірдегі шынайы көріністерді, қай жаста болсын театрға келу арқылы әр адам өзін басқа бір қырынан тануға, өмірден оқшау еместігін, оның біртұтастығын түсінуге, қоғамның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік алады. Мәдениет майданындағы сүбелі істің бірі – театр туралы халық жазушысы Ғабит Мүсірепов: «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер», – десе, ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Театр – сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі», – дейді.
Ал, қазақтың әйгілі актері әрі режиссер Шәкен Айманов: «Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын», – деген баға береді. Иә, театр – өнердің ішіндегі ең құдіреттісі. «Театр – өнер мешіті», – деген теңеу де бар. Десе дегендей, театр – мәдениеттілікке, имандылыққа бастайтын баспалдақ, алтын көпір екені даусыз. Өркениеттілікке, дамыған елдердің қатарына ұмтылған еліміз үшін – халықтың ең алдымен рухы биік, мәдениетті болуы, соған қатысты мәселеде, әсіресе өнер арқылы рухани серпіліс тудыратын театр туралы көпшіліктің білуі аса қажет.
Қала тұрғындарына рухани азық сыйлап жүрген театрдың бірі – Арқалық қазақ жасөспірімдер театры. Б.Майлиннің 130 жылдығына орай, Қазақстан театр сыншылары бірлестігімен тәжірбие алмасу апталығы аясында, театрда «Әзәзіл ақша» комедиялық қойылымы өтті. Бейімбет Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп директоры Нурдаулет Ахатулы бастаған мектеп ұжымы аталмыш қойылымды тамашалап, жақсы әсерге бөленіп қайтты. Бұл – ағылшын драматургі Рэй Кунидің комедиялық туындысы, басты кейіпкерлер ерлі-зайыпты Генри мен Джейн Перкинс және олардың достары арасында өрбитін қойылым болды.
Сахнадағы кейіпкерлер мен көрермендердің көңіл-күйлері өзара бір-бірімен астасып, спектакльді жасаушылардың шынайы кейпі, санадағы еркіндігі мен бет-бейнесі, ішкі жан дүниесі бір-бірімен ұштасып жатты. Басындағы қайғы-қасіретпен қатар қуанышты сәттерді шынайы сомдау әрі оны көрермендердің жүрегіне жеткізу тек кәсіби режиссер мен талантты сомдаушылардың қолынан ғана келетіні осы спектакльде анық байқалды. Шым-шытырық оқиғаны өз мәнінде, жоғары деңгейде сомдап шыққан театр әртістері көпшіліктің көңілінен шығып, зор қошеметке ие болды.
Театр – өнердің қара шаңырағы. Ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіров: «Театр көрінгеннің ермегі емес, еңбек. Еңбектің көркемі. Театр – көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ. Өнер орны, еңбекшілер үстемдігінің мәдениет майданындағы қармаулы орынның бірі», – деген орамды ойымен театрдың адам өмірінде қаншалықты маңызға ие екенін жеткізіп отыр. Ендеше, жанымыз рухани таза болсын, ұлтымыздың жаңа болмысы қалыптассын десек, өнерді бағалауымыз керек. Ұзақ жылдан бері көрермен көзайымына айналған халықтық театр майталмандарының бағындырар белесі биіктен екеніне күмән жоқ.

Индира БАЛТАБАЕВА,
Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ директорының
ғылыми-әдістемелік жұмыстар орынбасары,биология пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.