Тәрбиенің негізгі месседжері: ХХІ ғасырға лайық қасиет

Выпуск - №31-32(579-580)   :   26.08.2023
437

Бүгінгі қоғам алдындағы тұрған ең жауапты міндет – өскелең ұрпақты ұлттық тұрғыда тәрбиелеу. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Мақаламызды қоғам қайраткері, белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбековтың: «Ғасыр ауысты, мыңжылдық алмасты, осылардың тоғысында тәуелсіздік, егемендік келді. Заман өзгеруде, адам өзгеруде. Келешеке ой жіберіп өткен күннің кеселін кесіп, шалдыққан дертінен айығып, құндылықтарымызды қайта қалыптастыратын, өскелең ұрпаққа ие болатын уақыт келді», – деген сөзімен бастағымыз келіп отыр.

Жалпы баланың сана-сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыру – тәрбиенің ең бірінші рухани міндеті. Тәрбиенің негізгі месседжері – ХХІ ғасырға лайықты қасиеттер Қазақстандық патриотизмнен бастау алады. Себебі, қазіргі заман тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды және оқушылардың патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінгі байсалдылық, батылдылық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.

Әрбір білім алушы XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Рухани тәрбиесі – оқушыларымыздың әрқашан жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, өз идеяларына ұқсауға ұмтылады. Біздің мектептің тәрбие жұмысының басты мақсаты: өскелең ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. ХХІ ғасырға лайықты тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасалуымен қатар тәрбие бағытында да заманауи технологиялар ұғымын кеңінен қолданып келеміз. Осыған орай тәрбие мазмұнын да өзгерту – маңызды факторлардың бірі.

Өскелең ұрпақты ұлттық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында бойларына ұлттық рух пен патриоттық сезім қалыптастырып, қазіргі таңда ел жүгін арқалап жүрген Ағыбай Мұқатаев, Кенжеғали Сағадиев, Сағындық Сатыбалдин, Сақтаған Досмағанбетов, Ғұмар Ахметчин, Әбдіғали Раисов, Жанділда Мақанов, Дүйсенбай Сейтқазинов, Әсия Беркенова сынды ағаларымыз бен апаларымыздың тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттап, елінің өркендеуі үшін қосып жатқан үлестерін айта отырып, шәкірттерімізді рухани-адамгершілікке тәрбиелеп, патриоттық саналарын қалыптастыруда үлгі тұтамыз. Себебі ұлттық тәрбиені болашақ ұрпақтың бойына сіңіру де аса қажет.

Қазіргі заманда оқушыларды ұлт алдында тұрған ерекше өзекті мәселелерді шешуге даярлау, халқымыздың ғасырлар бойы жеткізген табыстарын бағалау, дәстүрлі әдет-ғұрпымен қайта табыстыру – мектебіміздің негізгі міндеттері. Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында «Жеке тұлғаның қалыптастыру» моделіне сай, жан-жақты дамыған, белсенді оқушылар тәрбиеленіп, ұлттық санасын, патироттық сезімін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осы «Жеке тұлғаны қалыптастыру моделі» әр оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Тәрбиенің жаңа моделінің бес бөлімі: «отбасы» + «ұжым» + «қоғам» + «әлем» + «мен – жеке тұлға». Бүгінде осы бес модель жүйесінің арқасында оқушылардың бойынан қоғам өміріндегі ережелер мен салт-дәстүрлерге сәйкес жеке тұлғаның сана-сезімін дамытуға, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, құқытық санасын өсіруге, сондай-ақ мәдениет пен өркениет жетістігінің он нәтижесін байқадық.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі. Соның ішінде «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша білім алушылардың отбасылық құндылықтарды қалыптастыратын «Жас аналар мектебі», «Қаракөз қыздар мектебі», «Әке мектебі» клубы біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін ұлттық тәрбиені насихаттайды. Ұлттық тәрбиемізді қалыптастыру және дамыту барысында біз құрған отбасы мектебі – ұлттық тәрбиенің өзегі болып саналады.

Білім алушылардың зияткерлік және физикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мектебімізде балалар мен жасөспірімдер қозғалысы мен әскери патриоттық «Дабыл», «Барыс» клубтары күшейтілуде. Сондай-ақ, инклюзивтік және психологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы «Мейірімділік жолы» атты әлеуметтік жобасын жалғастыруда. Жоба мүмкіндігі шектеулі балалардың қазіргі қоғамда өмір сүруіне көмектесуді көздейді. Нәтижесінде осы санаттағы жандарды белсенді өмірге тарту, олардың өздерін қоғамның пайдалы мүшесі ретінде сезінуіне оң көзқарасын қалыптастыру күтілуде.

Өмірін осы қиын да жауапты іс – жас ұрпаққа тәрбие беруге арнаған, бойындағы барлық ізгі қасиеттерін шәкірттерінің бойына дарытқысы келетін адам нағыз ұстаз деген атқа әбден лайық. Өскелең ұрпақты жаңашыл ұстаз ғана тәрбиелей алады, сонда олардың болашағының шоқтығы биік болмақ. Осылайша ұлттық құндылықтарымызды оқушылардың бойына сіңіріп, олардың келешекте ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп, көзінің қарашығындай сақтауы үшін тағылымды тәрбие беру ісіне бір кісідей ат салысайық.


Данаш АБЕНОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы
Әулиекөл ЖББМ
директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары,
Арай САДАҚБАЕВА,
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Әулиекөл ауданы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.