Ата-баба дәстүрін қадірлей білетін, бүгінгі күн талабына сай білікті де дарынды жастар легі қалыптасып келеді. Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия оқушылары арасынан суырылып шығып, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» байқауына қатысқан озық ойлы оқушылардың өнерінен кейін осындай ойға келдім.
.jpg)
Арқалық қаласы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясы – білім ордасы ғана емес, тәрбиенің тал бесігіне айналған қара шаңырақ. Аталмыш байқау «Тәрбиелі ұрпақ – жарқын болашақ» тәрбие онкүндігінің жоспарына сәйкес тіліміздің рухын асқақтатып, ұлттық бай мұрамызды дәріптеу мақсатындағы Ұлттық тәрбие бағыты ұлықталған күні ұйымдастырылды. Бұл күні барша ұстаздар қауымы мен оқушылар қазақы нақышта киінді. Үкілі кәмшат бөрік, бүрмелі көйлек, қынамалы камзол қыздардың сымбатын аша түсті.
Гимназияның таңы патриоттық әнмен атты. Үзіліс уақытында Бекзат Ералыұлы бастаған күйшілер күмбірлете күй тартып, оқушылар қара жорға билеп, ерекше атмосфера орнатты. Әр бастамадан қазақылықтың иісі аңқып тұрды. «Тәрбиелі ұрпақ – жарқын болашақ» тәрбие онкүндігінің жоспарына сәйкес 8-11 сынып оқушылары арасында «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты видеорецепттер байқауы ұйымдастырылды. Ал орта буын сыныптарына арналған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» танымдық сайысы 5-7 сынып оқушыларын қамтыды. Жалпы 14 сынып қатысты. Оның тоғызы номинация сыйлықтармен марапатталса, бесеуі жүлделі орындарды иеленді.

Оқушылар бұл сайысқа қатысу арқылы жетістікке жетіп ана қоймай, білім көкжиектерін кеңейтті, ұлттық рухтарын жаңғыртты десек те болады. Іс-шара 4 кезеңді қамтыды: «Кім жылдам?», «Сен білесің бе?», «Қоржындағы басқатырғылар», «Жұмбақ сандық». Қатысушылар қазақтың салт-дәстүрін бұрыннан білгендерімен, шара барысында одан да терең бойлай түсті. Нәтижесінде 1-орынға Назым Олжа, 2-орынға Назерке Жауғашты және Малика Узхан, ал 3-орынға Ботагөз Дүзелбаева және Мадина Ертай ие болды. Тәрбие ісі орынбасарлары Алмагүл Ғалымжановна, Салтанат Сериковна және іс-шараны ұйымдастырушы Сауле Джаксылыковна мен Нұржанат Айболатқызына алғыс білдіреміз.
Ойымды ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын», – деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Жас ұрпаққа тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетсек, олар қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары мәдениетті деңгейде бейімделе алады деп айта аламын.
Нұрдана ТҰРЫСБЕК,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназияның қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.