Жаңару мен жасампаздықтың бастауы

Выпуск - №13(510)   :   31.03.2022
475

Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мейрамын Рудный құрылыс және көлік колледжі наурыз айының 14-інші жұлдызынан тойлауды бастады.

Колледж білім алушылары әр күнді қызықты қарсы алып отырды. Бірінші күні бір-бірімен тілек айтып, көрісіп жатса, екінші күні өз шежірелеріне шолу жасап, Жеті атасын атап, келесі күні қазақтың жазира даласына, ҚР-ның 17 облысындағы ірі қалаларға саяхат жасады. Ал наурыздың 17-сі күні бірінші қабатта «Бауырсақ-пати» ұйымдастырылып, әр білім алушысы қазақтың ұлттық нан өнімі бауырсақтан ауыз тиді. Ал, 18 наурыз күні таң атқаннан колледж фойесінде ән-күй, би орындалып, мәре-сәре болды.

Сағат тілі 11-ді көрсеткенде, мерекелік іс-шаралар «Қош келдің, әз-Наурыз» көрмесімен жалғасын тапты. Әр топ көрмеде, өздері алып келген, ата-бабадан жалғасып келе жатқан, ат әбзелдерін, қол өнер туындыларын, көрпе-жастығын, сырт киім үлгілерін көрсетіп қана қоймай, сол зат туралы айта білді. Бұл кезде кәдімгі бір қазақтың жазира даласындағы киіз үйдің ішіне кіріп шыққандай көңіл күйде болдық. Жалғыз қазақ баласы емес, барлық ұлт өкілдері: «Мен мына затты білемін бұл асық, тіпті ойнауын да білемін», – деп, асықты алшысынан түсіре, иіре лақтырып, мәз болысты, ал спорт залда дене тәрбиесі оқытушылары М.Рыспаев пен Д.Хасенов ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырып, жеңімпаздарды анықтап, марапаттап жатты.

Ары қарай «Газбен және электрмен дәнекерлеушілер» тобы мен «Экскаватор машинисі» тобы білім алушылары өз шеберлері Нұралы Бердібаевич пен Рүстем Ережепұлы үлкен дастархан жайып, барлық білім алушылары мен колледж ұжымына наурыз көже таратты. Екі ұрты бауырсаққа толған әр бала өзін нағыз қазақи дастарханнан дәм татқанын, киіз үйдің жиһаздарын өз көздерімен көргендерін, әңгіме ете бастады. Артынша колледж ұжымы мен білім алушылары акт залға көтеріліп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары мен және Қ.Мұстафина ұйымдастырған «Ізгі үмітпен тазаратын, әз Наурыз!» атты іс-шараға куә болды.

Қазақтың салты бойынша шашу шашылып, бата беріліп, колледж басшысы Аманжол Сагнаев өз ұжымы мен студенттеріне ақжарма тілегін жеткізді. Мерекелік шара барысында сахнада ән-күй ойнап, би билеп, қазақтың «Сырға салу» салты көрініс тапты.


Инеш САҚТАҒАНОВА,
Рудный құрылыс
және көлік колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.