Жаңашыл шеберлік сабақтар этно-ауылмен бірге

Выпуск - №31-32(579-580)   :   25.08.2023
783

Арқалық қаласындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Экологиялық-өлкетану, сәндік-қолданбалы және әлеуметтік педагогикалық бағыттардың үздік тәжірибелері» атты облыстық оқыту семинары кең көлемде өтті.

Семинарға қосымша білім беру орталықтарының басшылары мен педагогтері қатысты. Семинар барысында Қостанай облыстық білім басқармасының Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының директоры Е.А. Петренко, Арқалық қаласы білім бөлімінің басшысы Е.Ж. Мәметеков, Балалар және жасөспірімдер орталығының директоры Е.Ж. Кабылдин құттықтау сөз сөйледі. Семинарға қатысушылар үшін «Жас Ұлан» БЖО-ның табыс ортасын құрудағы мүмкіндіктеріне қатысты арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін насихаттау мақсатында этно-ауылға саяхат жасалды.

Саяхат барысында келген қонақтар киіз үйлермен безендірілген қазақ ауылының бір күндік көрінісін тамашалады. Іс-шара керемет ән шашумен басталып, кимешек киген әжелер келген қонақтарға шашу шашып, қарсы алды. Киіз үйлердің бір жағында ауыз толтырып айтатын ұлттық қолөнер шеберлігі насихатталды: кілем тоқу, ши тоқу, торсық жасау, мүйізден жасалған бұйымдар, екінші жағында қонақтарға көрпеше тігіп, ұршық иіріп, құрт-жент істеп, балдай қымызын сапырып отырған апа-әжелеріміз таныстырылды.

Бірлігі жарасқан Қазақстан халқының ынтымағы одан әрі күшейе берсін деген ниетпен қазақтың салт-дәстүрінің бірі «Тұсау кесер» рәсімі ұйымдастырылып, Елена Александровнаға баланың тұсауын кесу құрметі берілді. Қонақжайлығын көрсете білген қазақ ауылы келген қонақтарға ақ дастарханнан дәм татқызды. Семинардың барлық қатысушылары этно-ауыл атмосферасына еніп, көптеген жағымды эмоциялар алып, қызықты жаңа идеялардан шабыт алды. Этно-ауылға саяхат аяқталысымен, орталықтың педагогтері Э.Латыпов, Е.Черняева, П.Төлеухан, Г.Қайсерова, Г.Баймолдина, А.Ыбыраева, С.Сандыбаева, И.Роговой және З.Ізбасты ұжымның шығармашылық ізденістерін, жаңашыл бағыттарын насихаттап, сәндік-қолданбалы, әлеуметтік-педагогикалық, экологиялық-биологиялық бағытта 8 шебер-сынып өткізді.

Сабақ көрсеткен педагогтер Қостанай облыстық білім басқармасының Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының директоры Е.Петренконың қолынан сертификатқа ие болса, қалған қонақтарға қатысқаны үшін сертификат табысталды. Семинар соңында керемет концерт көрсетіліп, екі күнге созылған семинарға келген қонақтармен қимастықпен қош айтысты.


Айгерим ЫБЫРАЕВА,
«Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер орталығының
көркемдік жетекшісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.