Айсары жалпы білім беретін мектебінің директоры Назгүл Алимованың басшылығымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында KPI көшпелі концерті өтті. Бұл – жастарға арналған ерекше мәдени іс-шара болды.
Аталған концерт жастар арасында рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді нығайту, сонымен қатар, қазақстандық мәдени құндылықтар негізінде білім алушылардың үйлесімді дамуына ықпал ету мақсатын көздеді. Көшпелі концерттік бағдарлама аясында Қостанай ауданындағы Рыспай негізгі орта мектебі, Қостомар ауылының жалпы білім беретін мектебі, Половников жалпы білім беретін мектебінде концерт ұйымдастырылды.
KPI бағдарламасы аясындағы бұл концерт түрлі жанрлар мен бағыттарды қамтитын өнер кеші ретінде өтті. Концерттік бағдарламада облыстық және республикалық деңгейде би байқауларының жүлдегерлері – мектебіміздің «Ақ кербез» би ұжымы үнді биін билеп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында Мұхаммедәли Қуаныш «Мен қазақпын», Аруна Жусипбек «Мәңгілік ел жастары» әндерін орындап, өнер сүйер қауымның рухын көтерсе, ұлттық өнерді насихаттау мақсатында «Жастар» ансамблі «Нәр ағашы» күйін орындап, құлақтың құрышын қандырды.
Сондай-ақ, кемел келешекке ақыл қосқан ата-әжелерімізге арнап Адия Нағашыбай «Ата-әже» әнін орындады. Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы аясында мектептің ата-аналары да іс-шараларға белсене қатысып отырады. Солардың бірі – Алмагүл Қуанышқызы халық әндерін нақышына келтіре орындап, тыңдарманды тәнті етсе, мектебіміздің аға тәлімгері Сарқын Қойшыбайқызы «Бұлбұлым» әнімен көрермендердің көңілін көтерді. Концерттік бағдарламада мектебіміздің музыка мұғалімдері де өнерін көрсетті. Мейрамбек Қызбелбайұлы «Адай» күйін шертсе, Владислав Сергеевич «Синяя вечность» әнін нақышына келтіре шарқап, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.
Халқымыздың басты құндылығы – Отанға сүйіспеншілік, достық пен ынтымақ болғандықтан, концерт соңында Жансезім Тойшы «Өз елім» әнін орындап берді. Бұл іс-шара жастар арасында бірлік пен ынтымақтастықты нығайтып, мәдениетке деген құрметті арттырып қана қоймай, әрбір қатысушының өз мәдениеті мен тарихын тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді. Мұндай концерттер жастардың рухани және мәдени дамуына үлкен әсер етіп, еліміздің өнеріне жаңа серпін беруде. Көшпелі концерттердің соңында қатысушылар мен көрермендер ұлттық өнердің маңыздылығын жете түсініп, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құндылығын толықтай сезінді.
Мәдени шаралардың жарасымды жалғасы ретінде мектептердің басшылары қатысушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдірсе, мектебіміздің директоры Назгүл Едресқызы бұл бастаманың жалғасын табатынын және алдағы уақытта жастардың өнер арқылы тәрбиеленуіне бағытталған басқа да іс-шаралар ұйымдастырылатынын ерекше ықыласпен атап өтті.
Гүлбағдат ДОСЖАНОВА,
Айсары жалпы білім беретін
мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.