Қазақтың сырға тұнған сайын даласында көз сүйсінтер көрікті жерлер жетерлік. Сұлтанмахмұт Торайғыров атамыздай айтсақ, о шеті мен бұ шетіне ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр атырыпта «Біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп ұялмай көрсететін небір жауhарларымыз бар. Солардың бірі ұлттық байлығымыз, мақтанышымыз – Науырзым қорығы.
Науырзым қорығы 1931 жылы ашылды. Арада 20 жыл өткенде қорық жабылып, оның базасында орман шаруашылығы құрылды. Тек 1966 жылы ғана Науырзым қорығының жұмысын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда оның аумағы 191 мың 381 гектар жерді алып жатыр. 2008 жылы ЮНЕСКО-ның «Сарыарқа-Солтүстік Қазақстан далалары мен көлдері» номинациясы бойынша дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасы тізіміне енген Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы бүгінде, экологиялық туризмнің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы шілденің 7-сіндегі №175 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына сәйкес 6 экскурсиялық маршрут қарастырылған. Туристік маршруттар Науырзым өлкесінің табиғи байлықтары сипатталған барлық табиғи танымдылық нысандарымен қамтылғаны белгілі. Қазіргі таңда қолданыста 2 маршрут ең талап етілген және танымды, себебі, олар барлық табиғи ландшафтар арқылы өтеді. Қорығымыздағы 6 экскурсиялық соқпақтың алғашқысы болып, «Бұлақ» соқпағы саналады. Көнекөз қарияларымыздың айтуынша, бұлақ ертеден ағып жатыр және ескіше «Боқай бұлағы» деген атауға ие.
Бүгінде алыс-жақын елдерден келген туристеріміздің көз қуанышына айналған осы бір суы мұздай, суы жылтылдап тұрған бұлақтың, ертеректе Боқай атамыз көзін ашып, бітеліп қалса күл-қоқыстан тазартып, маңайына ағаштар отырғызып, қамқор болып жүріпті. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, атамыздың сол бір көпке үлгі болған, өнегелі ісінің арқасында, бүгінгі ұрпағы сол бір суы зәмзамдай, шөлдегеннің шөлін қандырып, мерейін шабыттандырған бұлақты атамыздың құрметіне «Бұлақ соқпағы» деп атап кеткен көрінеді.
Әсіресе жаз мезгілінде, жағалай өскен қайың мен терек, тал, қарағай ағаштарының хош иісі, бұлақ суынан ылғалданған аумақ ауасына керемет табиғи хош иіс сыйлап, бұл жерді табиғи шипажайға айналдырып жібергендей болады. Әсіресе, дәл бұлақтың түбінен өсіп шығып, тамырын тереңге жіберген үш жүз жылдық тарихы бар қаракөк тал ағашы еріксіз көз тартады. Бұлақ суы минералданған төмен-сілтілі, мөлдір, керемет дәмі жоғары сапаға ие. Бұлақ болған жерде котловандардың болуы заңды. Дей тұрғанмен, бертін келе аңдардың су ішуіне су қорын молайту мақсатында, тағы да бұлақтың маңайынан котловандар қазылған. Қазіргі таңда бұл котлавандар бар.
Тарихқа көз жүгіртсек, 1958 жылдар шамасында бұлақтың оңтүстік шығыс беткейіне Ушаков деген бағбан жеміс ағаштарын отырғызып, күтіп-баптаған. Жылыжайлар жасап, ішіне көгеністер – картоп, қырыққабат өсірген екен. Жиналған өнімді, қарағайдың және көгеністердің тұқымдарын бұлақ пен қазіргі таңда жаңадан орнатылған пештің ортасында жерқоймаға сақтаған. Қорық қызметкерлеріне еңбек ақылары ретінде көгеністер берілген екен. Бұлақтың солтүстік батыс бетінде, шамамен 50 метрдей жерде, 1955 жылдары Егерлерге салынған барак сияқты үйде төрт отбасыдай тұрған екен.
Бұлақ соқпағынан оңтүстік шығысқа қарай созылып жатқан қарағайды қолдан 1959 жылдардан бастап отырғызып, соңғысы 78-80 жылдары отырғызылған. 1960 жылдары бұлақтың шығысына қарай шамамен 1,5-2 шақырым жерде жасанды түрде сынақтар өткізілгені белгілі болды. Аталған жерде диаметрі 10 метрдей, тереңдігі шамамен 30 метрдей болатын терең сайлар көптеп кездеседі. Ол маңайда радиация көп болғандықтан, маңына адамдар бара бермейді және ол жерлер бүгінде «Карц воронкасы» (сайлары) деген атауға ие.
Жаздың аптап ыстығынан, айналасындағы қалың біткен ағаш жапырақтарымен сая болып, ыстықтағанды салқындатып, шаршаған жанның бойын рахаттандырар Боқай бұлағы, атадан балаға қалған бабалар аманаты. Аманатқа қиянат жасамай, осы бір табиғаттың бізге берген керемет сыйын лайламай, қаз қалпында сақтап, оны келер ұрпаққа таза, тұнық күйінде қалдыру – біздің Табиғат-ана алдындағы адамзаттық борышымыз.
Гүлнұр УТЕЛЬБАЕВА,
Балалар шығармашылығы
үйінің «Жас туристер станциясы»
үйірмесінің жетекшісі,
Науырзым ауданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.