Целинный негізгі орта мектебінің білім алушылары Арқалық қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Торғай жерінің тарихы, мұражайлар кешенімен танысу мақсатында тарихи-танымдық саяхатқа барып қайтты.

Білім бөлімінің әдіскері Д.Қалиев, ювеналды полиция тобының инспекторы Д.Гильмуханов және мектебіміздің аға тәлімгері Б.Бекбосын ағайлардың жетекшілігіндегі саяхатымыз Арқалық-Амантоғай тас жолы бойындағы Тасты ауылының тұсында орналасқан Кейкі батыр кесенесімен танысудан басталды. Кейкі батыр – 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің қаһарманы ретінде тарихта қалған аңызға айналған тұлға. Батырдың басынан өткерген оқиғасымен танысып, қандай жауыздықпен өлтірілгені көңілімізді жабырқатты... Кесене осыдан 5 жыл бұрын бой көтеріп, бүгінде қасиетті тарихи жерлер қатырына қосылғаны қуантты. Айтқандай, кесене алыстан сұлулығы мен сымбатының арқасында жолаушылардың басын өзіне бұрмай өткізбейтіні анық.

«Алаш» ақтаңдақтарына орнатылған ескерткіш алдында
Жангелдин ауданына жетіп, ауқаттанып алдық. Артынша саяхатымызды әрмен қарай жалғастырып, «Алаш» ақтаңдақтары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатұлының атындағы мұражайға бардық. Мұражайда Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатұлының қолданған заттары, жазған кітаптары, қол жазбалары, отбасылық суреттерімен таныстық. Жан-жақты дарынымен қатар елге жанашырлық танытып, сол жолда өздерін құрбан еткен тұлғалар халық үшін аянбай тер төккенін аңғардық. Бүгінде мұндай тұлғаларға құрметтің қандай түрін көрсетсе де, аз емес. Әр қазақ баласы қазақтың осындай тұлғаларына өмір бойы қарыздар деген ой түйдік.

Сапарымыздың басы – Кейкі батыр кесенесімен танысу
Саяхат барысы Шақшақ Жәнібек батыр атындағы мұражай, Әліби Жангелдин, Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражайларына сапармен жалғасты. Әр мұражай өзіндік ерекше тарихы және әр қазақ баласын оқу-ағарту, қараңғылықтан шығару жолындағы еңбегін насихаттайтын құнды деректерімен қымбат. Мұражайлар кешенінің ғылыми қызметкері Меруерт Жақсылықова апай әр мұражайдың тарихын тебірене жеткізе білді. Өзімізді толғандырған сұрақтарды да қойып, жауаптарымызды да ала білдік.
Жалпы Торғай жеріндегі мұражайлар кешеніне саяхат терең ой салды. Қасиетті өлкеміздің тарихымен танысып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу қажеттігін ұғындық. Қаладан шалғай орналасқан біздер үшін мұндай саяхатқа бару таптырмас мүмкіндік. Сол үшін ұсынысымызды қолдап, сапарға шығуымызға себепші болған Арқалық қаласы білім бөліміне және мектеп әкімшілігіне алғыс білдіреміз.
Малика УЗХАН,
Балуза ӨМІРХАНҚЫЗЫ,
Целинный НМ оқушылары,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.