Тарихи орындарға саяхат

Выпуск - №24(521)   :   17.06.2022
1130

Арқалық қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №1 мектеп мұғалімі Латыпова Айгерім Максимқызы және өзімнің жетекшілігіммен ғылыми көзқарасы бар оқушылар көршілес Аманкелді ауданының тарихи әрі киелі орындарына саяхаттап келді.

Қазақ халқының ұлттық санасының ерекшелігі – туып-өскен жері, өнген ортасын кие тұтып, оның қадір-қасиетін бағалауымен құнды. Аталарымыз: «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың», – деп бекер айтпаған. Туған жер мен елдің халық санасына сіңген рухани құндылығының ұлттың қалыптасуында, дамуында айрықша рөлі бар.

Оқушылардың саяхаты Кейкі батыр кесенесі, аудандық мұражай, Аманкелді Үдербайұлының мәңгілік тыныстаған жері «Шұғыла» жастар демалыс орнына жасалды. «Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де, жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды», – деген еді бұрынғылар. Еліміздің табиғи керемет, киелі жерлері, емдік-шипалы демалыс орындары, архитектуралық ескерткіштері және өзге де көз тамсандыратын аймақтарын аралап, киелі жерлердің киесін ұғындыру – туристік экспедицияның басты мақсаты.

Балалар ерекше қызығушылықпен тамашалады, ата-баба ерлігіне тәнті болды, рухына тағзым етті, рухани байып, шалқып-тасып қайтты. Келген соң саяхат ерекше талқыланды. Саяхатқа барған оқушылардың әңгімесін бармаған оқушылар қызыға тыңдады, бір қызығы саяхатшы оқушылардың әсерленгені сонша, әңгімелері ұзаққа созылды. Бұл сапарды «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан сәтті іс-шара деп есептеймін. 


Сүйінбай БЕКЕТОВ,
№10 ЖББМ тарих
пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.