Туризмді дамытудағы басты мақсат

Выпуск - №22(570)   :   12.06.2023
1068

Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында туризмнің, әсіресе, эко және этнотуризмнің дамуына экономиканың маңызды саласы ретінде ерекше көңіл бөлуді тапсырғаны болатын.

Туризм, бүгінгі таңда өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына, яғни «пайда көзіне» айналып отырғандығы белгілі. 2008 жылы ЮНЕСКО-ның «Сарыарқа-Солтүстік Қазақстан далалары мен көлдері» номинациясы бойынша Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасы тізіміне енген Науырзым мемлекеттік қорығында бұл күндері экологиялық туризм қарыштап дамып келеді. Экологиялық туризмнің өзекті болуының бірден бір себебі, әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы, яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа, яғни таза ауамен демалып жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.

Бүгінде, төрткүл дүниені мойындатып, өзінің адам қолы тимеген жабайы сұлулығымен қызықтырып отырған Науырзым қорығы – ашық аспан астындағы мұражай саналады. Туризм және демалысқа келушілерге табиғатпен қарым-қатынас жасаудан ләззат алуға, білім өрісін кеңейтуге, жергілікті флора мен фаунаның ерекшеліктерімен танысуға, қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауды үйренуге мүмкіндік береді. Киелі өңірге тән, табиғи, мәдени мұраларымызды кеңінен насихаттауды мақсат еткен Науырзым мемлекеттік қорығы биыл да келуші қонақтар үшін жазғы маусымын айқара ашты.

Мамыр айының басында, Науырзым қорығы, Шренк қызғалдақтарымен керемет қызылды-жасылды аймаққа айналатыны белгілі. Міне, осы ғұмыры ұзаққа созылмайтын қызғалдақ гүлінің керемет көрінісін тамашалауға еліміздің түкпір-түкпірінен туристер ағылуда. Қорығымыздағы 6 экскурсиялық соқпақтың алғашқысы болып саналатын Бұлақ соқпағында этноауыл үлгісімен көшпенді халқымыздың тарихынан сыр шертетін халқымыздың баспанасы – алты қанатты ақ шаңқан киіз үй қондырылған. Халықаралық ұйымдардың анықтамаларында экотуризмнің ең негізгі сипаттамаларының бірі – туристік өнімді әзірлеуде жергілікті тұрғындардың қызметін барынша тарту саналады. Мұнда келуші қонақтар қазақтың ұлттық дәстүрімен танысып, ұлттық тағамдарынан дәм татады, арнайы туристік бағыттар бойынша өңіріміздің тарихи және көрікті жерлерін аралайды. Бүгінде, қорығымызға келген қонақтар өздерін жайлауға келгендей сезіну үшін барлық жағдайлар жасалған.

Қонақтарды күтіп алуға, олардың тұруына арналған қонақ үй, монша, үй жағдайында пісірілген ас мәзірлерін беру, алтыбақан тебу, табиғи және тарихи көрнекті жерлер бойынша саяхатқа шығару, салт атпен серуендеу, халқымыздың салт-дәстүрлерімен кеңінен таныстыру секілді қызметтерін ұсынып отыр. Сондай-ақ қорық территориясында, әрбір маршруттар сайын сол жердің флорасы мен фаунасынан хабардар етіп отыратын ақпараттық паннолар жаңартылып, табиғи мартериалдардан келуші қонақтарымыз үшін ыңғайлы үстел, орындықтар, сонымен өатар биодәретханалар орнатылды. Еліміздегі он қорықтық бірі де бірегейі, ұлттық құндылығымыз Науырзым қорығының мақтануға тұрарлық әсем жерлері өте көп. Ішкі туризмді дамытуға бәріміз бір адамдай атсалысайық.


Гульнур УТЕЛЬБАЕВА,
Балалар шығармашылығы
үйінің «Жас туристер
станциясы» үйірмесінің
жетекшісі,
Науырзым ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.