Ұлы даланың жеті кереметі

Выпуск - №18(566)   :   16.05.2023
1753

Қазақ халқы қашаннан «жеті» санын киелі деп санайды. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша – бір аптада жеті күн бар, сондай-ақ «жеті ата», «жеті амал», «жеті жұт», т.б. сол сияқты тілімізде, қазақтың тұрмыс-салтында сақталған әдет-ғұрыптық атаулар өте көп.

Осылайша «Жеті» санын қадірлеу көне заманнан басталып, әлі күнге дейін қасиетті сан болып есептеліп келеді. Осы орайда, алысқа бармай-ақ, еліміздің жеті кереметін өскелең ұрпаққа дәріптеп, жеткізіп отыруымыз қажет. Қазақ даласының жеті кереметіне тоқталар болсақ, олар: «Таңбалы тас суреттері», «Алтын адам», «Қазақтың киіз үйі», «Домбыра», «Ясауи кесенесі», «Маңғыстау жерасты мешіті», «Бәйтерек» монументі болып табылады. Ендігі кезекте, олардың әрқайсысына толық мәлімет бере кетейік.

Таңбалы тас суреттері

Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таңғалдырары хақ. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы жартастағы таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Ол суреттерде ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни наным-сенімдері, аңшылық пен соғыс ісіне байланысты көріністер бейнеленген. Алматы облысындағы таңбалы тас суреттері – бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында.

Алтын адам

1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құстардың бейнелері жапсырылған, олардың саны төрт мыңға жуық. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген «Алтын адам» да қазақтың жеті кереметіне енді.

Қазақтың киіз үйі

Киіз үй – көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдық тың соңы – І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады.Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) – киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды.

Домбыра

Ендігі сөз қазақ халқының жан сезімі, жан серігі – домбыра туралы. Домбыра – халық даналығы. Ол халқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным-сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды. Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналады. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос шекті аспаптың қазақ домбырасыме ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең көп тараған аспапты бірі болғандығын дәлелдейді. Домбыра дәстүрінің дамуы ХІХ ғасырда шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген кәсіби күйші-композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл күйші-композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен оқшауланып, өнерімізде жарқын із қалдырды. Домбыра – әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкүндік туғызды. Сондықтан, домбыра да қазақтың жеті кереметі қатарында.

Ясауи кесенесі
Түркістан – Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмірінде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бірі. 1500 жылдығын тойлап өткен Түркістан – руханият ордасы, оған ерекше мәртебе беру қажет. Бірақ бүгінгі сөзіміз Қожа Ахмет Ясауи ғимараты туралы. Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (бұрынғы Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Қыпшақ, қаңлы, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында ислам дінін уағыздаушы Ахмет Ясауиді рухани басшы санаған халық оны «Әулие ата» атап кеткен.

Қожа Ахмет – өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәуілім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір қарамағында игі істермен көрінген Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен салынған. Екі жағы мұнарамен жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады.

Қожа Ахмет Ясауи кешені – порталды-күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5 х 65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер сақтаулы. Бұл күнде Қожа Ахмет Ясауи ғимараты – шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді.

Маңғыстау жерасты мешіті

Бекет Ата жер асты мешіті – Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш-төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл кенде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды.

«Бәйтерек» монументі

Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние – төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша Қазақстанның астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы ретінде орын алады.

Ұлы даланың жеті кереметі тәуелсіз елдің тарихынан сыр шертіп, көкірегіңе мақтаныш ұялатады. Осы жеті керемет еліміздің қазақи нысандарынан, тарихынан сыр шертіп отырғандай. Ата-бабамыздан қалған киелі мекеннің ғажаптары. Тарихымызды біліп, мәдениетімізді ұғынып, өткеніміз бен бүгінімізде болып жатқан өзгерістерден хабардар болып жүрейік. Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болғай!


Аяужан ТЕМІРҚЫЗЫ,
Мичурин ЖББ мектебінің
география пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.