Әдістемелік қызметті жаңғырту

Выпуск - №19(667)   :   23.05.2025
640

1

Қазіргі заманның сұранысына жауап беру үшін әдіскер қандай болуы керек? Осы сұрақтың жауабын біз «Өрлеу» Біліктілік арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған екі апталық курста іздедік.
Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі жаңғыру мен цифрландыру әдістемелік қызметке де жаңа серпін беріп отыр. Осы бағытта облысымыздағы білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін «Өрлеу» БАҰО ұйымдастырған «Әдістемелік қызметті трансформациялау» атты екі апталық курс ерекше маңызға ие болды. Аталған курс теориялық білім ғана емес, практикалық бағыт-бағдар, кәсіби шабыт пен жаңа көзқарас сыйлады.
Курстың жетекшісі, тәжірибелі әдіскер, кафедра меңгерушісі Жүсіпова Ғалия Сапарбекқызы әдіскерлерді мұғалімдердің қызметін реттейтін маңызды нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырып, оларды бүгінгі талаптар тұрғысынан қарап, талдауға бағыттады. Курс барысында көптеген өзекті тақырыптар қамтылды. Соның ішінде инклюзивті білім беру, әдіскердің кәсіби миссиясы, заманауи білім беру технологияларын қолдану, перспективалық жоспар құру, сонымен қоса мектептердегі тәжірибені зерделеу, ресурстық портфолио жасау сияқты нақты жұмыстар жүзеге асты. Курс барысында біз кәсіби міндеттердің жаңаша қырынан қарастырып, әдістемелік қызметті кеңес беру жұмысы ретінде ғана емес, мектептің стратегиялық даму жолына бағыт беретін жетекшілік қызмет деп түсіндік.
Әдіскердің қазіргі рөлі – мұғалімнің сенімді серігі, кәсіби дамуына қолдау көрсетуші, білім сапасына әсер ететін негізгі тұлға екені ерекше айтылды. Ерекше атмосферада өткен курста қатысушылар тәжірибе алмасып, әріптестік қарым-қатынас орнатып, кәсіби қолдау мен өзара ынтымақтастықты нығайтты. Жобалық тапсырмалар мен топтық жұмыстар арқылы белсенділік танытып, білімімізді тереңдеттік. Екі апта ішінде жинақталған білім мен тәжірибе әр әдіскердің жұмысына тың серпін беріп, болашаққа жаңа жоспармен қарауына жол ашты. Мұндай курстар педагогикалық қауымдастықты біріктіріп қана қоймай, білім сапасын арттыруға да нақты үлес қосатыны сөзсіз.
Бұл күні әдістемелік қызметті трансформациялау – уақыт талабы. Ол тек жаңару ғана емес, білім беру жүйесінің жаңа дәуіріне аяқ басу жолындағы маңызды қадам.

Индира БЕГЕМАНОВА,
Қостанай ауданы білім
бөлімінің әдіскері

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.