Науырзым ауданы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сай, Өлеңді ауылының «Балдаурен» бөбекжайында «Балалар – біздің болашағымыз» атты аудандық семинар өтті. Оған ауданның «Қызғалдақ», «Балдырған», «Балапан» бөбекжайларының педагогтері қатысты.
Қатысушылар арт-терапия әдісі қолданылған шығармашылық «Ғажайып көбелектер» әрекетін тамашалады. Ал, «Балдаурен» бөбекжайының өнерлі балаларының музыкалық қойылымындағы орындалған әндері мен керемет билері бойларындағы таланттарымен қатысушыларды керемет әсерге бөледі. Аталмыш іс-шара арқылы арт-терапия әдісінің тиімділігін дәлелдеп, балалардың қызығушылықтарын көрсету мақсаты көзделді.
Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Қанымкүл Валиева ашып, оның маңыздылығын түсіндірді. «Қазіргі уақытта арт-терапия психотерапияның маңызды салаларының бірі ретінде жақсы дамып келеді. Науырзым ауданының педагогтері де осы тәсілді қолданып, оның балаларға ұнайтынын айтып жатыр. Бүгінгі семинарда тәжірибемен бөлісіп, жан-жақты дамуға жол ашып жатырмыз», – деді ол. Мамандардың айтуынша, арт-терапия «өнермен емдеу» деген мағынаны білдіреді екен. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа алғаш енгізген ғалым – Адриан Хилл. Яғни, әрбір адам өзін және өзінің сезімдері мен жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс барысында арт-терапия әдісін көбіне балабақша педагогтері жиі қолданады. Сондай-ақ, қуыршақ, музыка, құм, драма, ойын, маска, қозғалмалы би терапияларымен қатар фототерапияны да жүзеге асырады. Бұлардың қай-қайсысы болмасын, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеті мен қиялының дамуына ықпал етеді. Балаларға ойын, музыка, би терапиясы да өте қатты ұнайды. Олар ойнап жүріп, ойлауға дағдыланады. Табиғатынан сезімтал келетін балалардың санасына әсер ету үшін осындай әдістермен жұмыс істеген тиімді.
Семинар аясында «Балдаурен» бөбекжайының меңгерушісі А.Досмағамбетова тақырыпқа сай таныстырылым ұсынып, әдістемелік кеңес берсе, әдіскер К.Жаркенова семинар қатысушыларына арнап үйлесімді қимылды тренинг ұйымдастырды. Осылайша, тәжірибе алмасу мақсатындағы іс-шараны әдіскер Қ.Валиева рефлексия әдісімен қорытындылады.
Ботагөз ХАСЕНОВА,
«Қызғалдақ» бөбекжайының әдіскері,
Науырзым ауданы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.